Ұшқыр отбасы!

Банк Хоум Кредит өз клиенттерін қуантудан еш жалықпайды, үнемі сыйлықтар жасайды, ал, осы жолы Египетке Қызыл теңіздің жағалауында ұмытылмас демалысты сыйға тартты. Банк Хоум Кредит «Ұшқыр отбасы» ақциясын ағымдағы жылдың 4 қарашасынан бастап та кетті.

Акция қорытындысы бойынша банк өз клиенттеріне толы ұшақты шуақты Египетке демалысқа ұшырады. Екі адамға 81 жолдама ойнатылды. Туристік жолдама чартерлік рейспен ұшу (Алматы-Египет-Алматы), «барлығы қамтылған» жүйесін басшылыққа алатын қонақ үйде тұру, Египет әуежайынан қонақ үйге дейін және кері қарай жеткізу, жеңімпаздарды сақтандыру сияқты шарттарды қамтиды.
Акция жеңімпаздарының қатарына кіру үшін Хоум Кредит Банктің мобильді қосымшасын жүктеп келесі шарттардың кем дегенде біреуін орындасаңыз жеткілікті: ақшалай кредитке немесе тауарлық кредитке шарт ресімдеу; 500 000 теңгеден жоғары сомаға депозиттік сертификат ашу; кредит картасын ашып, 1000 теңгеден жоғары сомаға транзакция жасау; дебеттік картаны ашып, 1000 теңгеден жоғары сомаға транзакция жасау; «Отбасын қорғау», «Құқықтық қорғау» немесе «Қаржылық қорғау» қызметін сатып алуға шарт жасау.
Ал, Ақмола облысынан пирамидалар мен фараондар еліне баруға бұйырған бір жеңімпаз анықталды. Ол өзінің ұтысына әлі де сенбей жүр.
–Банк Хоум Кредит қызметін ара-арасында пайдаланып тұрамын. Бірнеше жыл бұрын несиеге телефон сатып алғанмын. Ал, осы жолы зейнеткерлікте отырғандықтан ба, пәтерімнің күнделікті қалпынан жалыққандықтан ба, бөлмелерді жөндейін деп шешкен едім. Банктен несие алып ресімдедім. Банк қызметкері осындай ұтыс жүріп жатыр деген, бірақ, мен сенген жоқ едім. Алайда ойда жоқ жерден өзімнің 60 жылдық мерейтойымның алдында жолдамаға ие болғаныма өте қуаныштымн. Алғысым шексіз! Енді қызымыз екеуміз Египетке барар ақпан айын асыға күтудеміз, – деді өз сөзінде жолдама иегері Людмила Киселева.
«Ұшқыр отбасы» акциясының аяқталуына бір ай қалды. Егер сіз өзіңіздің қысқы демалысыңызды жылы жақта өткізгіңіз келсе, Банк Хоум Кредитпен бірге ұшыңыз!

Салтанат БАКИРОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар