Шетелдік жолаушылар боран құрсауынан құтқарылды

Ақмола облысының аумағында, «Нұр-Сұлтан – Павлодар» тас жолында істен шыққан автобуста болған шетелдік 64 жолаушы құтқарылды, – деп хабарлайды өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Департаменттің мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты 24 желтоқсанда «Нұр-Сұлтан – Павлодар» тас жолы уақытша жабылды. Аталмыш жолдың 109 шақырымында «Новосібір-Чиняевка» бағытында жүріп бара жатқан рейстік автобус істен шығып отыр.
Автобустың ішінде Ресей және Тәжікстан Республикасының азаматтары болды. Көлік сынғандықтан, 64 жолаушы (оның ішінде үшеуі бала) жақын маңдағы Новомарковка орта мектебіне жайғастырылып, ыстық шәймен қамтамасыз етілді. Құтқару жұмыстарына 14 адам және 6 техника жұмылдырылды, – деді Ақмола облысының ТЖД бастығының орынбасары Қанат Доспаев.
Жалпы, қыс басталған бері Ақмола облысының аумағында жүздеген адам қарлы боран қыспағынан құтқарылып (оның 26-сы бала), жылыту орнына жеткізілді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар