Әрдайым қолдау бар

Ақмола облысында 46,1 мың шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істеп, жарты жылдықта 299 миллиард теңгенің өнімін шығарды. 2010 жылдан бері «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысында 143,6 миллиард теңгенің 1231 жобасы мақұлданып, 747 жоба сыйақысының пайыздық ставкасы субсидияланды.

Бағдарламаны жүзеге асыру кезінде қатысушылар 1 025,4 миллиард теңгенің өнімін өндірді, 22,7 мың жұмыс орны ашылды. Биылғы жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыруда 2113,7 миллион теңге игерілді. 545 жоба қолдауға ие болды. 439 жобаның несиесі субсидияланды. Несие бойынша 69 кепілдік берілді. 79 миллион теңгенің 34 гранты ұсынылды. Индустриалдық инфрақұрылымдарды дамыту бойынша 3 жоба мақұлданды. Республикалық және облыстық бюджеттен «Макинск құс фабрикасы» серіктестігінің 4 жобасына, сондай-ақ, «Зеренді» асыл тұқымды шаруашылығы» серіктестігінің жобасына қомақты қаржы бөлінді. Бүгінгі күні «Экономиканың қарапайым заттары» портфелі өңдеуші өнеркәсіптің, агроөнеркәсіп кешені саласы мен қызметінің 56 жобасынан тұрады. Оның 41 жобасы мақұлданып, қаржыландырылды. Банктер мен «Аграрлық несиелік корпорациясы» акционерлік қоғамының қарауында 17,5 миллиард теңгенің 6 жобасы жатыр.
Биылғы жылы «Тиімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасы аясында Көкшетау мен Степногорск қалаларын шағын несиелеуге 974,8 миллион теңге бөлінді. Жалпы биылғы жылы 1 078,5 миллион теңгенің 85 несиесі берілді. 80 жұмыс орны ашылды. Несиелерді кепілдендіруге 70,9 миллион теңге бөлінді. 51 жобаға грант бөлінді. Бюджет қаржысын тиімді игеру мақсатында басқарма «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының өңірлік филиалымен, облыстық кәсіпкерлік палатасымен және екінші деңгейлі банктермен бірге бағдарламаны жүзеге асырудың басымдығы мен механизмі жөнінде бизнес субъектілерінде ақпараттық-түсінік жұмысын тұрақты жүргізіп келеді.
Ербол ОСПАНОВ,
Ақмола облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар