Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың жаңа жылдық құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!
Келе жатқан 2020 Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар! Бұл айтулы мерекені біз қашанда қуанышты көңіл күймен және болашаққа деген үлкен үмітпен қарсы аламыз. Жаңа жыл жас баладан қарияға дейінгі барша адамдарды біріктіретін жаңа өзгерістердің, болашаққа деген мақсат, жоспарлардың рәмізі іспетті. Екі жылдың тоғысында тұрған осынау сәтте өткенге ой жүгіртіп, жетістіктеріміз бен жоғалтқандарымызды таразылау, болашаққа жоспарлар жасау сияқты жақсы дәстүр қалыптасқан.
Өткен жыл өңіріміз үшін табысты да, нәтижелі, маңызды оқиғаларға толы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдымызға қойған ауқымды міндеттерін орындау жолында үлкен жетістіктерге жеткен жемісті жыл болды. Біз биылғы жылды жақсы табыстармен қорытындылап отырмыз. Ауа райының қолайсыздығына қарамай, егін жинау науқанын табысты аяқтадық. Инвестициялық белсенділік артып, шағын және орта бизнес нысандары саны көбейе түсті.
Облысымыздың ауыл шаруашылығы еңбеккерлері 5 миллион тоннадай астықты жинап, қамбаға құйып алды. Біздің облысымыз республика бойынша ең басты астықты өңірлердің бірі болып орынды саналады. «Еңбек» жұмыспен қамтуды дамыту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы бойынша 800-ден астам адам өздерінің бизнес-идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік алып, мыңнан астам грант берілді және 900 кәсіпкер шағын несие алды.
Тұрғын үй құрылысы да жандана түсті. Жыл басынан бері 500 мың шаршы метр немесе 4 мыңнан астам пәтер салынып, пайдалануға берілді. Білім беру, денсаулық сақтау, спорт саласындағы 50-ге тарта нысан салынып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Туризм кластерін дамыту бағытында да айтарлықтапй шаруалар атқарылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Жаңа жыл – барша адамдардың болашақтан үміт етіп, арман-мақсаттарымыздың орындалуына жол ашатын сүйікті мерекесі. Өткен жылға ой жүгірте отырып, сүйікті қаламыз Көкшетаудың келбетінің бұрынғыдан да көріктене, сәулеттене түскенін көреміз. Бұл жетістікте ең алдымен қадірлі жерлестер – сіздердің үлестеріңіз бар екендігі белгілі. Туған өлкемізді дамытуға қосып жатқан үлестеріңіз үшін де баршаңызға зор алғысымды білдіремін!
Қадірлі жерлестер!
Бүгінгі мерекелі күні жаңа жылда ойларыңызға алған барлық арман-мақсаттарыңыздың орындалуына тілектестігмді білдіремін! Отбасыларыңызда берке мен бірлік, шаңырақтарыңызда тыныштық пен жайлылық орнығып, аспандарыңыз ашық, туыс-бауырларыңыздың денсаулықтары мықты болсын!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар