Ескі жылым есіркеп, Жаңа жылым жарылқап, қуанышыңды ала кел!

2019 жылдың басты оқиғасы! 19 наурыз күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз еркімен президенттік өкілеттігін тоқтату жөнінде шешім қабылдап, Қазақстан халқына Үндеу арнады. «Әр ұрпақтың өз міндеттері бар. Мен және менің замандастарым еліміз үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық», – деді Елбасы. Отыз жылға жуық уақыт Қазақстанның билігінде болған Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халқының алдындағы перзенттікте де, президенттік те парызын адал атқарды. Елбасы Қазақстанның билігін Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа сеніп тапсырды. Бұл Елбасының көрегендігі болатын. Елдің болашағын ойлағандығы еді.
2019 жылдың 9 маусымы күні Президент сайлауы өтіп, қазақстандықтар Қасым-Жомарт Тоқаевқа таңдау жасады. 12 маусым күні Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының сайланған Президенті қызметіне ресми кірісті. Ол өз сөзінде «Біз халқымыздың жарқын болашағы үшін бәріміз бірге еңбек етеміз! Ақиқатын айтуымыз керек, бұл сайлауда біздің азаматтарымыз Елбасының стратегиялық бағдарын қолдап дауыс берді! Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүкіл әлем мойындаған даму моделін жасады. Қазақстанның көк туын дүние жүзінің түкпір-түкпірінде желбіретті», – деп Қазақстанның Тұнғыш Президенті Елбасының еңбегіне жоғары баға берді.
Өзінің Президенттік қызметіне кіріскелі Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапарымен үш мәрте келді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар