Құрметті ақмолалықтар!

Ақмола облыстық мәслихатының депутаттық корпусы баршаңызды келе жатқан Жаңа 2020 жылмен құттықтайды! Өткен жыл оңай болған жоқ, бірақ, біз көптеген күрделі міндеттерді шешуді, нақты мүмкіндіктерді анықтауды және оларды өмірге енгізуді үйрендік. Осы жыл өмірлік даналықпен және күшпен толықты, бұл бақытты өзгерістерге, тұрақты және сенімді болашаққа үміт береді!
2019 жылды шығарып сала отырып, онда болған барлық жақсылықты сақтайтын және жаңа жетістіктер жолында алға жылжитын боламыз!
Жаңа жылдық мерекені әр отбасы асыға күтеді. Жаңа жыл біздің үмітімізді ақтап, ең батыл жоспарлар мен асыл армандарымыз іске ассын, жақындарымыздың денсаулығы зор, бақытты болуы үшін үйімізде әрқашан бейбітшілік, жайлылық пен молшылық болсын, балаларымыз жетістіктерімен қуантсын! Жаңа жыл қуаныштың, жаңа әсер мен үміттің, жаңа табыстар мен жағымды жаңалықтың жылы болсын. Сіздерге жаңа жылда тек қана жақсылық тілейміз!

Әлібек БАЙМАҒАМБЕТОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар