2020 жылғы 1 қаңтардан бастап!..

2020 жылдың қаңтар айынан бастап міндетті медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады, жалақы мен жәрдемақы мөлшері артады және басқа да салаларда бірқатар өзгерістер болмақшы. Ең төменгі күнкөріс шегі 1500 теңгеге көтеріліп, ол 31183 теңгеге жетеді. Айлық есептік көсреткіш 2651 теңге, ал ең төменгі жалақы көлемі бұрынғы деңгейде, яғни, 42500 теңге көлемінде қалады.

Енді көп балалы отбасылардың балаларына отбасының кірісіне қарамастан мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Отбасы үшін Атаулы Әлеуметтік Көмек (АӘК) бөлек есептеледі, өйткені, «балалар» төлеміне кепілдік беріледі.

АӘК табысы аз отбасыларға, соның ішінде көп балалы отбасыларға төленетін болады. Ең аз күнкөріс деңгейінің 70 пайызын тағайындаудың шекті өлшемі қалады. 2020 жылға ең төменгі күнкөріс деңгейі 31 183 теңге мөлшерінде белгіленді. АӘК мөлшері, бұрынғыдай, отбасының әр мүшесі үшін орташа жан басына шаққандағы табыс пен отбасының әрбір мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы арасындағы айырманы құрайды.

42 500 теңге – 4 баласы бар отбасы үшін,
53 125 теңге – 5 баласы бар отбасы үшін,
63 750 теңге – 6 баласы бар отбасы үшін,
73 370 теңге – 7 баласы бар отбасы үшін.

Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін балалар тағамы, гигиеналық құралдар, білім беру қызметтері ұсынылады. Мектеп жасындағы балалар үшін ыстық тамақ, мектеп киімдері мен керек-жарақтарын сатып алу, жол жүру шығындарын өтеу, сондай-ақ, медициналық қызмет көрсету көзделіп отыр.

Жалақы

Мұғалімдердің жалақысы жаңа жылдан бастап 25 пайызға көтерілсе, мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбекақылары 35-50 пайыз мөлшерінде өседі, әлеуметтік сала қызметкерлері бұрынғы деңгейден 30-60 пайыз көп жалақы ала бастайды.
«Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі» атағы бар ұстаздарға 1000 айлық есептік көрсеткіш деңгейінде бір реттік төлем төленетін болады. Сондай-ақ, денешынықтыру және спорт, әскери оқу орындары саласында еңбек ететін магистр дәрежесі бар ұстаздарға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде көтерме ақы төленеді.

Зейнетақы

Ынтымақты зейнетақы көлемі 7 пайызға өседі, сөйтіп ең төменгі зейнетақы 38636 теңгені құрайды. Мемлекеттік базалық зейнетақы көлемі 5 пайызға өсіп, оның ең төменгі мөлшері 16839 теңге болады.
Атаулы әлеуметтік көмек пен мемлекеттік төлемдерде де бірқатар өзгерістер бар. 1 қаңтардан бастап мүгедектігіне байланысты және асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік жәрдемақы 5 пайызға көбейеді. Мүгедектік дәрежесіне байланысты берілетін жәрдемақы көлемі 32431 теңгеден 59872 теңгеге дейін. Ал, асыраушысынан айырылғандарға төленетін жәрдемақы отбасы мүшелері санына байланысты 26818 теңгеден 65797 теңгеге дейін. Бала туғанда бір реттік берілетін жәрдемақы бірінші, екінші, үшінші бала үшін 100776 теңгеге дейін көбейтіліп, ал, төртінші сәби дүниеге келгенде 167076 теңге болады.
Жұмыс істемейтін бала бағып отырған әйелдерге бірінші баласы үшін ай сайын 15276 теңге, екінші бала үшін 18061 теңге, үшінші бала үшін 20819 теңге, төртінші және одан көп бала үшін 23603 теңге төленеді.

Шәкіртақы

Жаңа жылдан бастап жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындары студенттерінің шәкіртақылары 25 пайызға өспек. Бакалавриатта оқитын студенттердің шәкіртақысы 26186 теңге, магистратурада оқитындардың шәкіртақысы 66913 теңге болады, ал докторантурада оқитындар 102498 теңге алады.

МӘМС

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жалпы халықтың 94,5 пайызын қамтымақшы. Жұмыс беруші жалақы қорынан 2 пайыз мөлшерінде, ал, кесімді жалақы қорынан 1 пайыз мөлшерінде медициналық сақтандыру қорына ақша аударып отырады. Ал жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары табыстарының 5 па-йызы мөлшерінде аударым жасайды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар