Жыл атаулары қалай анықталған?

Қазақ халқында жыл санаудың негізіне мүшел алынады. Бір мүшел 12 жылдан тұрады. Жыл есебін бұлай жүргізу – ежелгі кезден басталған. Мүшелдік жыл санау – тышқан жылынан бастау алады.

Мүшелдегі жылдар 12 түрлі жануардың атымен аталады: 1 – тышқан, 2 – сиыр, 3 – барыс, 4 – қоян, 5 – ұлу, 6 – жылан, 7 – жылқы, 8 – қой, 9 – мешін, 10 – тауық, 11 – ит, 12 – доңыз жылы. Бұлардың алтауы – үй жануары, алтауы – түз тағысы.
Жыл аттары не себепті жануарлардың атымен аталатыны және жыл басы неге тышқаннан басталатыны туралы халық арасында аңыз-ертегі бар. 12 жылдық қайталама негізінде мүшелмен жыл есебін жүргізуді қазақ халқы «жыл қайыру» деп атайды.
Аңыз бойынша осы он екі жануар жыл атына ие болуға таласқан. Сонда тышқан тұрып: «Дауласатын дәнеңе жоқ, таңертең бәріміз шығып келе жатқан күнді аңдимыз. Сонда күннің көтеріліп келе жатқанын кім бірінші көрсе, сол – бірінші жылдың, одан кейін көргеніміз екінші жылдың атын аламыз. Осылай өз кезегімізбен барлық жылды бөліп аламыз», – деп ұсыныс жасаған.
Бұған келіскен жануарлар демалып жатқанда тышқан түйенің басына шығып алады. Осылайша ол күнді бәрінен бұрын көріп, жыл басы атанған. Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалыпты деседі. Түйені санаттан қалдырмайтын да аңыз бар. Аңыз бойынша, жануарлардың бәрі жиналып, түйенің мүшелерін бөлісіп алған. Шынында да, түйенің құлағы – тышқандікіндей, тұяғы – сиырдікіндей, кеудесі – барыстікіндей, ерні – қояндікіндей, мойны – жыландікіндей, шудасы – жылқының жалындай, жоны – қойдікіндей, бөксесі – мешіндікіндей, төбесі – тауықтікіндей, сандары – иттікіндей, құйрығы – доңыздікіндей емес пе?!
Интернет материалдары бойынша дайындаған
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

2020 жыл – жыл санағы бойынша Тышқанмен белгіленген. Астрология тілімен айтсақ, Металдық Ақ Тышқан жылы. Яғни, бұл жылдың түсі – ақ. Әдетте бұл түс тазалықпен, пәктікпен, жақсылықпен байланыстырылады.

Сондықтан, бұл жылдан да тек жақсылық пен тазалық күтіңіз дейді болжамшылар. Сондай-ақ, ақ ойлап, адал жүргеннің, жаңа бастаманы қолға алғандардың айы оңынан туады дейді.
Ал, металл күрескерлік, тұрақтылық, батылдық, бірбеткейлік сындыларды білдіреді. Бұл дегеніміз дәл осы қасиеттерді бойына дарыта, қажет кезінде қолдана білгендер жетістікке жетеді деген сөз. Тышқан топтасып-қауымдасып тіршілік ететін кеміргіш. Оған қоса, үнемшіл де шаруақор. Соған сәйкес, биыл да бұл жылды мейрамханаға барып шашылмай, үйде отбасымен бірге, дос-туыстар ортасында қарсы алғандар қателескен жоқ.
«Отан отбасынан басталады» демекші, Жаңа жылғы ақ тілектер әркімнің өз дастарханының басынан бастау алып, өрбігені де ертеңгі ыңтымақ-берекенің жоралғысы екені даусыз.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар