Өміріңізге қауіп төндірмеңіз! Өрт қауіпсіздігін сақтаңыз!

Солтүстікте қыс ұзақ және суық болады. Осыған орай, жеке меншік үйлерде тұрғындар пештерін үзбей жағады. Пештің жылуы шығып кетпесін деп мұржаны жауып тастайтын жайлар да бар.

Жалпы, жеке меншік үйлердің тұрғындары арасында қарапайым өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға жете көңіл бөлінбейді. Жеке үйлерде шығатын өрттің негізгі себебі де осында болып отыр. Жылыту маусымы мезгілінде пештерді пайдалану кезіндегі қайғылы жағдайдан аулақ болу үшін өрт қауіпсіздігінің мынадай ережелерін ескеру қажет:
-жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмау;
-пешті шамадан тыс қатты қыздыру;
-өртке қарсы қашықтық сақталған пешті қолдану;
-пешті жандыру үшін тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтарды пайдалануға жол бермеу;
-жылыту маусымы алдында барлық пештер жөндеуден өтіп жан-жақты тексерілуі тиіс.
Пештен келетін өртті бірнеше топқа бөлуге болады:
1. Пешті орнату ережесін бұзу өрт қаупін күшейтеді. Мысалы, мұржа мен үй жабынындағы ағаш конструкциялардың арасындағы қашықтықтың тым аз болу себебі. Бұған пеш алдындағы төсемнің болмауы және соның нәтижесінде пештен түскен көмір шоғынан еденнің жануы себеп болады.
2. Пешті пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу. Сондай-ақ пешті жағуға бензинді, керосинді және басқа да тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдану және пешті шамадан тыс қыздыру өртпен аяқталады.
3. Пештің есігін ашып қоюға, онда киімдерді, отынды және басқа да материалдарды кептіруге болмайды, ал жылыту аспаптарының және мұржалардың сыртқы беттерін үнемі шаң тозаңнан тазалап, ақтап қою қажет. Адамның өміріне қауіп төндіретін ең басты мәселенің бірі көмірқышқыл газымен улану, ол мұржа қуысының тартпасын жапқаннан жиі кездеседі. Сондықтан, көмір қышқыл газымен улануға жол бермеу үшін, пештегі от жанып біткен соң ғана тартпаны жабуды қадағалау керек. Пештегі сызаттарды және басқа да ақауларды анықтаған кезде оны уақтылы жойып, пешті жаңа жылыту мерзіміне дайындау қажет.
Ескерту: өзіңді және жақындарыңызды өрттен қорғау үшін төсекте шылым шегуден бас тарту және сөндірілмеген шылым тұқылын қалдыру, еденге өшірілмеген шақпақты немесе шылымды тастауға жол бермеу қажет. Егер де өрт шыға қалса, жедел 101 немесе 112 телефонына хабарласыңыз. Жанып жатқан бөлмеден тез арада сыртқа шығыңыз.

Нұржан Әлімжанов,
Көкшетау қаласы төтенше жағдайлар басқармасының инженер тәлімгері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар