Мемлекеттік қызметтегі оң өзгерістер

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi мемлекеттiк қызметшiлердiң, қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерiнiң, сондай-ақ өңiрдiң мемлекеттiк органдарының персоналды басқару қызметтерiнiң қатысуымен онлайн-конференция ұйымдастырды.

Конференция барысында мемлекеттiк қызмет туралы заңнамадағы өзгерiстер мен толықтырулар талқыланды. Департамент басшысының орынбасары Райхан Братаева баяндама жасап, жаңа өзгерiстер мен толықтырулар, сондай-ақ бiрқатар редакциялық түзетулер заңнаманы қолдану тәжiрибесiн ескере отырып қабылданғанын және мемлекеттiк аппаратты жетiлдiруге бағытталғанын атап өттi.
Мемлекеттiк қызмет басқармасының басшысы Гүлмира Евниева заңнамадағы өзгерiстер туралы егжей-тегжейлi түсiндiрiп, мемлекеттiк қызметшiлердi әлеуметтiк қолдау деңгейiнiң артуы мәселелерiне ерекше назар аударды. Оның айтуынша, мемлекеттiк қызметшiлердi әлеуметтiк қорғау шаралары күшейтiлдi. Мысалға, егер негiзгi жұмысшы өз лауазымын жұмысқа шықпай-ақ босатса, онда осы уақытша бос лауазымды иеленiп отырған мемлекеттiк қызметшi осы лауазымға тұрақты негiзде конкурссыз орналаса алады. Конференция барысында қатысушылардан келiп түскен барлық сұрақтарға толық жауап берiлдi.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Ақкөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар