Индустрияландыру – баршаға ортақ игілік

Ақмола облысында өнеркәсіп өндірісі артып келеді. Өткен жылы өңірдегі кәсіпорындармен 690 миллиардтан астам теңгенің өнімі өндірілді. Өнеркәсіп өнімдерінің үлесі – Көкшетау қаласында 13,5 пайыз, Степногорск қаласында – 21,6 пайыз және Зеренді ауданында – 32,2 пайыз.

Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде өңірде 6 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. 380 миллиард теңгеден астам инвес-тиция тартылған 58 инвестициялық жоба (оның ішінде 36 жобасы жүзеге асырылды) енгізілді. 2019 жылдың желтоқсан айында индустриалды-инновациялық даму бойынша өңірлік үйлестіру кеңесі тарапынан инвестиция көлемі 4 миллиард теңге болатын жаңа 6 жоба қолдау тапты.
Оның бірі – Көкшетау қаласында жылдық қуаты 85 мың тонна металл өнімдерін, 9360 тонна май және майлы дақылдар өнімдерін шығаратын кәсіпорын, Целиноград ауданында жылдық қуаты 24 тонна сүт және сүт өнімдерін шығаратын кешен іске қосылды. Жалпы, Ақмола облысында индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы жүзеге асырылғаннан бері 107 жоба енгізіліп, 500 миллиард теңге инвестиция тартылды. 11,7 мың жаңа жұмыс орындары ашылды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар