Өлкенің өткен тарихы

Көкшетау тарихын тілге тиек етер болсақ, Ақмола өңірін сөз етпеу мүмкін емес. Ақмола облысы талай тоқырауды басынан өткізген. Тарихқа жүгінсек, Ақмола атауы тым әріге сілтейді. Халық қамқоршысы, би, философ, дана Асанқайғы Ақмола өзеніне қарап, «Ақ суың бал татитын, ақ шабағың май татитын екен» деп тамсанған екен.

Бұған қосымша тағы бір дерекке назар салсақ, Ақмола даласының сан ғасырлардан белгілі екендігіне көзіміз жете түседі. Ақмола даласы көне болғанымен, Ресей жеріне қарағанда ең маңызды керуен жолы болды, деп жазды Гладышев пен Муравьев есімді зерттеушілер. Бұл жолмен 1283 жылы Италия саяхатшысы Рубик Еділден бастап, Жайықтың жоғары жағынан Созақ, Құмкент арқылы Іле қаласына дейін жүріп өткен. Орта Азиямен байланыс-
тыратын маңызды керуен жолы болды. «Ол жолмен тауар тиеген керуендер жүретін еді, сондай-ақ бұл жолмен талай Ресей және Батыс елшілері жүріп өтті» деп сол заманның өзінде-ақ «Ақмола даласы» деген сөз тарихқа енгендігін көрсетеді.
1918 жылға дейін орталығы Омбы қаласы болған Ақмола облысының құрамында Ақмола, Атбасар, Көкшетау, Омбы және Петропавл уездері болды. 1918 жылдың қаңтар айында Ақмола облысы Омбы губерниясы болып өзгертілді. «Ақмола облысы» деген атау Азамат соғысы аяқталғанға дейін аталынды. 1921 жылы 25 сәуірде Қазақ Автономиялық Республикасының құрамында Ақмола губерниясы құрылады. Орталығы Петропавл қаласы 1928 жылға дейін болған. Аудандастыру нәтижесінде Ақмола және Атбасар уездерінің аумағында Ақмола округі құрылады. 1928-1930 жылдар аралығында оның құрамына 15 аудан кірді.
1931 жылдың басында аудандар нығайтылып, тікелей республикалық орталыққа бағынды. 1926 жылдағы халық санағы бойынша қала халқының саны 12781 адамды құрады. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш едәуір өскен, 738013 адамға жеткен. Соның 50 пайыздан астамы қазақ ұлты. Ақмоланың қазіргі мақтанышы сары даланың төрінен орын алған мемлекеттің астанасы Нұр-Сұлтан қаласы. 1998 жылы ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласына көшірілгеннен бері небәрі 22 жыл ішінде, әлемнің ең жас әрі ең көрікті қалаларының қатарына қосылды. Әлемнің дамыған мемлекеттерінің қалаларымен теңесті.
Ақмола облысының тарихында талай кезеңдер мен оқиғалар өрбіді. Саяси қуғын-сүргін кезеңі, алапат соғыс мерзімі, тоқырау мен тәуелсіздіктің алғашқы сатысымен жүріп өтіп, қазір дербес мемлекеттің орталық облысы дәрежесінде тарих сахнасында қалды.
Арман ИСАЕВ,
Ақмола облысының ведомстволық архивтерге бақылау жасау бөлімінің архивисі.

Суретте: Көкшетау қаласының 1926 жылғы биіктен түсірген көрінісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар