Музейлер жұмысы мазмұнды

2019 жылы «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша 32 жоба жүзеге асырылды. Облыста 11 музей жұмыс істейді. Сонымен қатар, ауылдық мектептер жанында 200-ден астам музей бар, онда оқушылар зерттеу дағдыларын, кіші Отанының дамуы туралы кең білім алады.

Облыстың 50 өлкетанушыларының тізімі облыстық тарихи-өлкетану музейінің сайтында http://akmomuzey.kz жарияланған. Бүгінгі күні музейлер мен кітапханалардың жұмыстары қайта форматталып жатыр: тұрақты түрде айына 1 рет «Музейдегі түн» акциясын өткізу жоспарланған.
Қазіргі уақытта облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы – «Ботай-Бурабай» ашық аспан астындағы археологиялық-этнографиялық музей облыс тұрғындары мен қонақтарына үлкен қызығушылық тудыруда. Ол ашылғаннан бері 45 000 адамға қызмет көрсетті. Бүгінгі күні Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыру-құқықтық нысанын мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынға ауыстыру есебінен мекеменің рентабельділігін арттыру жоспарлануда. Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Мәлік Ғабдуллин музейіне реэкспозиция жүргізілді. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде «Ғасырлар аманаты» экспозициялық-көрме жобасын іске асырды. Жобаға 10 000-нан астам адам қамтылған 10 аудан қатысты.
Музейлер, архивтер, кітапханалар жанында қызығушылықтар бойынша клубтар, «Мирас», «Жас экскурсовод», «Жас ғабдуллиншілер», «Жас зерттеуші», «Полиглот», «Жас тұлпар» және көптеген интеллектуалды-танымдық клубтары жұмыс істейді.
Облыстық әдебиет және өнер музейінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын насихаттау үшін М.Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап- ғылыми кітапханасы Ақкөл, Бұланды, Целиноград аудандарының орталық кітапханалар жүйесінде, Біржан сал ауданының орталық кітапханасында облыстық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен «Рухани жаңғыру» залдары құрылды – жастарға арналған өзіндік диалогты алаң, тұрғындар арасында қажетті және танымал болды. Бүгінде облыс кітапханаларында оқырмандар үшін жаңа жайлы жағдай жасалған 20 коворкинг-орталық жұмыс істейді. Жақсы, Егіндікөл, Бұланды аудандарында және Степногорск қаласында коворкинг-орталықтар ашу жоспарлануда. Облыста 69 модельды кітапхана жұмыс істейді, оның 50-і ауылдық жерде жұмыс істеп тұр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар