Қазақстанның рухани брэнді ретінде ұлықтауымыз қажет

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінің 2020 жылдың 9 қаңтары күнгі санында жарияланған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» деген мақаласы бүкіл Қазақстан жұртшылығына, оның ішінде мәдени қауымға үлкен ой саларлық материал болды. Биылғы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай Президент Абайдың рухани болмысы, тұлғасы жөнінде келелі пікір, құнды толғам, толғақты мәселелерді жақсы көтерген. Президенттің жоспарланған мемлекет көлеміндегі және халықаралық деңгейдегі ауқымды іс-шаралар той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек деген ойы халықтың көкейдегі ойы екендігі айқын. Президенттің «Дүниежүзінде ғылым мен білімнің түрлі салаларын дамытуға зор үлес қосып, бүкіл адамзатқа ортақ ойшыл ретінде танылған тұлғалар баршылық. Мысалы, Қытай дегенде Лао-цзы Конфуций, Ресей дегенде Достаевский мен Толстой, Франция дегенде Вальтер мен Руссо бірден ойға келеді. Сол сияқты шетелдіктердің бәрі бірдей Қазақстан дегенде бірден Абайдың есімін атайтындай дәрежеге жетуіміз керек. Өзге жұрт «Қазақ халқы – Абайдың халқы» деп бізге ілтипат білдіріп отырса, зор мәртебе болары анық» деген ойы бүгінгі Алаш жұртшылығының көкейдегі арман-мақсаттарының бастысы екенін айтқанымыз жөн.
Абай шығармаларында ғылым-білімді игеру, тіл үйрену, имандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке, парасаттылыққа үндеу сияқты гуманистік ізгі ойлар мол. Міне, осылардың барлығына Президент жеке-жеке тоқталып, осы факторлардың біздің ХХІ ғасырдағы жаңа қоғамға, қазақ қоғамына тигізер игі-ықпалын, оң әсерін айта келіп, біздің алдағы уақытта Абай қалдырған өсиеттен тағылым ала отырып, алдағы даму жолымызда неден үйреніп, неден жирену керектігі жөнінде келелі пікір білдіреді. Абайды әлемге мәдени капиталымыз ретінде шығара отырып, Қазақстанның рухани брэнді ретінде ұлықтауымыз қажеттігін алға тартады.
Сәбит ЖӘМБЕК,
филология ғылымдарының кандидаты, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің
профессоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар