Абайға қарап ой түзейік

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай жазған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласынан өзіме көп ой түйдім. Президент бұл мақалада бірнеше мәселені көтерді. Біріншісі – Абайды тану, екіншісі – Абай идеяларының қазіргі заманда да өзекті болуы және үшіншісі – Абайды бар әлемге ортақ тұлға ретінде таныту.
Мақалада бұдан басқа тіл, мәдениет, еңбек мәселелері де айтылған. Ең басты міндетіміз – Абай арқылы біздің ұлттық болмысымызды, қасиеттерімізді шыңдау. Бұның өсіп келе жатқан жастарға, өскелең ұрпаққа, яғни, бізге тікелей қатысы бар деп санаймын.
Абай XIX ғасырдың ұланы болғанымен, ол жалпыадамзаттық мәселелерді айтты. Одан бері қоғам өзгерді, қоғамдық қатынас өзгерді, бірақ, адамның ниеті, махаббаты, ұмтылысы өзгерген жоқ. Осы тұрғыдан қарасақ, Абайдың айтқан ойлары әлі де өзекті әрі маңызды.
Экономикалық, дипломатиялық, саяси, спорттық жетістіктеріміз жағынан әлемге танылып жатырмыз. Осы жолда Абай секілді ел қамын ойлайтын, ел абыройын қорғайтын саңлақтарың болуы керек. Біз, жастар да ұлы Абайға қарап бой мен ой түзейміз. Бұл – Қазақстанның болашағы біздей жастардың қолында деген сөз.

Жасұлан ҚАЛИЕВ,
ауыр атлетикадан жасөспірімдердің екінші Олимпиадалық ойындарының қола жүлдегері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар