Ғұламаның кеңістігі

Биыл 2020 жылы қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Ұлы тұлғаға қатысты осы айтулы оқиғаны мемлекеттік деңгейде атап өту туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы шыққан болатын. Ақынның мерейтойын тойлау бізге оның рухани әлемін ұмытпауға мүмкіндік береді. Мектепте Абай оқуларын өткізу, түрлі жазба жұмыстарын жүргізу, ақынға байланысты шығармаларды сахнада қою, оның поэмаларын жатқа айту, қара сөздерінің мағынасын ашу, тағы да басқа шаралар жүзеге асырылып жатыр. Абай қазақ поэзиясының өсіп-өркендеп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған»,– деп жас ұрпаққа терең ойға толы сан алуан өлеңдерін мұра етіп қалдырғанын жақсы білеміз.
Биыл елімізде ұлы ақынның 175 жылдығына орай шығармаларын оқу эстафетасы бастау алып, оған Қазақстанның танымал тұлғалары ғана емес, шетелдің де бірқатар азаматтары ат салысқан болатын. Бұл ұлы Абайдың қазаққа ғана емес, әлемге де әйгілі екендігінің тағы бір дәлелелі болды. Бұл игі шараға біздің орталығымыздың оқытушысы Саягүл Мұхамеджанова да қатысып, өз үлесін қосты. Осындай іс-шаралар рухани құндылықтарымыздың ең бастысы, ұлттық кодымыздың сақталуына зор септігін тигізері сөзсіз.

Айгүл НЕҒМЕТЖАНОВА,
Біржан сал ауданы тілдерді оқыту орталығының оқытушысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар