Автокөлік құрастырудың шебері

Көкшетауда жүк автокөліктерін құрастырып шығаратын танымал «КамАЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамы еліміздегі ірі кәсіпорындардың бірінен саналады.

Зауытта қорғаныс күштеріне, төтенше жағдайлар, ауыл шаруашылығы және коммуналдық қызмет салаларына қажетті қазіргі заманғы жүк көліктері, жоғары сапалы жол талғамайтын сүйрегіштер құрастырылып шығарылады. Мұндағы мамандар өздерінің кәсіби шеберліктерін ұдайы жетілдіріп отырады.
Слесарь-құрастырушы Назымбек Боқанов осы кәсіпорында жеті жылдан бері еңбек етіп келеді. Өзін білікті маман ретінде таныта білген ол бұл күнде Назымбекке жүктелген міндетті абыроймен атқарып, кәсіпорын өнімдерінің отандық нарықта сұранысқа ие болуына үлес қосуда.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар