Мұрын бітелгенде не істеу керек?

Мұрынның бітелуі – тұмау ауруының алғашқы белгілерінің бірі. Егер дер кезінде ем қабылдамасаңыз, асқынып мұрынның шырышты қабығының суықтауына әкеледі. Мұрын көбінесе ұйқыға жатқан кезде бітеліп, мазаңды алады. Мұрынның бітелуін химиялық дәрінің көмегінсіз-ақ тез арада емдеуге болады. Ол үшін мына әдістің біреуін жатар алдында қолданып көрелік.

Тұнбаны дайындау үшін 1 стақан салқын суға 1 ас қасық үгілген түймедақ (ромашка) гүлін салып, отқа қоясыз. Қайнауға дейін жеткен кезде, отты өшіру керек. Салқындаған кезде тұнбаны сүзіп алыңыз. Дайын болған емдік тұнбаны мұрныңызға 2 тамшыдан тамызасыз.
Ескеріңіз, тұнбаны қолданатын кезде жылы болуын қадағалаңыз.
***
Ұнтақталған 1 ас қасық жолжелкенді (подорожник) 1 стақан қайнаған суға саласыз. Тұнба бөлме температурасында салқындаған кезде сүзіп алып, мұрныңызға 1 тамшыдан тамызасыз. Емді күніне 3-4 рет қайталауға болады.
***
Алоэ жапырағын езіп сөлін аласыз. Дайын болған сөлді 5 тамшыдан күніне 3-4 рет тамызыңыз. 3 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға 3,4 тамшыдан, ал 3 жасқа дейінгі балаларға 2-3 тамшыдан тамызсаңыз, мұрынның бітелгенін тез емдейді.
***
Құрамында бояғыш заты мен иістендіргіш қоспасы жоқ теңіз тұзын таңдап алыңыз. Оның 1 шай қасығын 1 стақан жылы суға саласыз. Тұз ерігенше мұқият араластыру керек. Дайын болған тұзды суды кез-келген жастағы адамдарға қолдануға болады. Тұзды су – тұмауды, суықты және инфекциялық ауруларды емдейді.
Дайындаған
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар