Банк филиалы ашылып, аудан, қала мерейтойларына дайындық басталды

Жарқайың: Аудан әкімі Мұрат Балпан Державинск қаласында күрделі жөндеуден өткен «Қазақстан Халық банкі» акционерлік қоғамы Ақмола облыстық филиалы бөлімшесінің ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеп, өткен жылы бұл бөлімше 500 миллион теңгенің 450 несиесін бергенін айтты. Сондай-ақ, 63 ұжымға еңбекақы, 1500 егде адамдарға зейнетақы берген. Бөлімшенің депозиттік портфелі 1 миллиард теңгеге жетті. Қазір оның 5 мыңнан астам салымшылары бар. Шара барысында «Қазақстан Халық банкі» Ақмола филиалы директорының орынбасары Рүстем Қайыржанов жергілікті тұрғындарды банктің ашылуымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

* * *

Атбасар: Биылғы жылдың 15 тамызында Атбасар қаласының 175 жылдық мерейтойы атап өтіледі. Мерекелік шараларға дайындалу үшін ұйымдастыру комитеті құрылып, күнтізбелік жоспары жасалды. Дайындық тұжырымдамасына бұқаралық мәдени спорттық шараларды ұйымдастыру, жаңа нысандарды пайдалануға беру тізімі кіреді. Мектеп пен балабақша, тұрғын үйлер, «Локомотив» стадионы, орталық аудандық кітапхана мен аудандық мәдениет үйінің сыртын жөндеу қарастырылған. Хоккей корты салынады. Стеллалар, ескерткіштер мен шағын сәулеттік мүсіндер орнатылады. Атбасар қаласының атшабарына 25 кигіз үйі бар этно-ауыл орналастырылады. Сондай-ақ, бәйге, қазақ күресі, көкпар тәрізді өзге де ұлттық спорт түрлерінен фестиваль өтеді. Жүзден жүйрік шыққандарға бағалы сыйлықтар қоры қарастырылған.

* * *

Егіндікөл: 2020 жылы ауданның 50 жылдық мерейтойы атап өтіледі. Осы айтулы күнге 27 пәтерлік жаңа тұрғын үйдің, балалар мен спорт алаңдарының құрылысы жүргізіледі. Сондай-ақ, саябақ, орталық стадион қалпына келтіріліп, селоішілік автокөлік жолдары жөнделеді. Жаяу жүргінші жолдары салынады. Ұзынкөл селосында жас мамандарға берілетін 11 иесіз үйге күрделі жөндеу жүргізілуде. Көркем ауылында спорт залы салынды. Егіндікөл селосында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер өз еңбеккерлеріне тұрғын үйді тегін берді. Қоржынкөл ауылында қоғамдық монша мен дәмхана қалпына келтіріліп, стадион салынды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар