Қаламгермен болған қызықты кездесулер

Жаңа жылдың алғашқы айында белгілі қоғам қайраткері, республикамызға әйгілі аудармашы – жазушы, публицист- журналист, білімдар-іскер басшы, ана тіліміздің жанашыры Ғосман Төлеғұлұлы Төлеғұлдың 70 жылдық мерейтойына орай облыс орталығында және Зеренді ауданында Көкшетау қаласының зиялы қауым өкілдерінің, ардагерлердің, жоғары және орта оқу орындары студенттерінің, БАҚ өкілдері, ғалымдар мен ақын-жазушылардың, әдебиет сүйер қауымның кездесулері болып өтті.

Жаңа жылдың алғашқы айында белгілі қоғам қайраткері, республикамызға әйгілі аудармашы-жазушы, публицист- журналист, білімдар-іскер басшы, ана тіліміздің жанашыры Ғосман Төлеғұлұлы Төлеғұлдың 70 жылдық мерейтойына орай облыс орталығында және Зеренді ауданында Көкшетау қаласының зиялы қауым өкілдерінің, ардагерлердің, жоғары және орта оқу орындары студенттерінің, БАҚ өкілдері, ғалымдар мен ақын-жазушылардың, әдебиет сүйер қауымның кездесулері болып өтті.
Әр кездесуде ғалымдар мен ақын-жазушылар, студент жастар, журналис-тер мен ардагерлер Ғосман Төлеғұлұлы Төлеғұлдың 70 жылдық мерейтойына дейінгі өмір өткелдерін, шығармашылық жетістіктерін, оның жетпіске жуық жарық көрген шығармашылық еңбектері жайлы сан түрлі сыр толғады. Республика көлеміне танымал публицист-жазушы осы уақытқа дейін қазақ тілінен орыс тіліне 45, ал орыс тілінен қазақ тіліне 23 кітап аударғаны жайлы сан түрлі пікірлер айтылып, аударма жұмысының аса күрделі жақтары әңгіме арқауы болды.
Мәселен, Көкшетау техникалық институтында, Зеренді ауданының орталығында, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде, облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында, облыстық әкімдіктің ішкі саясат басқармасының жетекшілік етуімен «Конгресс-холл» залында өткен кездесулер өте қызықты болды.
Кездесулерде сөз алған облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова, облыстық соттың төрағасы Досжан Әміров, Көкшетау техникалық институтының басшысы, техника ғылымдарының докторы Сырым Шәріпханов, облыстық «Арқа ажары» газетінің бас редакторы Қайырбай Төреғожа, Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев, жазушы Владимир Сергеевич Терещук,
Ж. Мусин атындағы жоғары педагогикалық колледжінің директоры Нұртас Ахат, ғалым-зерттеуші Мұсатай Ғалым, «Көкшетау» газетінің бас редакторы Серік Жетпісқалиев, облыстық оқу әдістемелік орталығының директоры Қаратай Төлекеев, ардагерлер Айдос Әбутәліпов, Сапарғали Асылбеков, Мейрам Ғибаділов және басқалары Ғосман Төлеғұлдың шығармашылығы туралы ой-толғамдарын жеткізді.
Қашан көрсең ат үстінде, қашан көрсең үлкен бір істің басында, білек сыбанып жаңа бір белесті алуға, бөлек біткен биікті бағындыруға маңдай тер төгіп жүргенін көресің. Бүгінде қазыналы, қадірлі 70 жасқа келіп қалса да сол баяғы қалпы. Оның өне бойынан ізденіс пен шығармашылық, қамқорлық пен ізеттілік, қарапайымдылық пен сергектіктің самал лебі есіп тұрады. Оның бай әдеби мұрасының бәрі болашақтың ісі, ізбасар шығармашы-ғалымдар зерттейтін қызықты тақырып екеніне жұртшылық кездесулер барысында айқын көз жеткізді.
Олардың ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұхтар Мағауин, белгілі жазушылар Қойшығара Салғарин, Дүкенбай Досжанов, бейбітшілік және келісім Президент сыйлығының лауреаты Сауытбек Абдрахманов, Ф.Кафка және Күлтегін атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Немат Келімбетов, қазақ әдебиетінің сыншы ғалымы Айқын Нұрқатов, Сәуле Досжанова, ғалым Өмірзақ Озғанбай, Жарылғап Бейсенбайұлының және де басқаларын атауға болады. Бұл еңбектер жазушының шығармаларының бір ғана бөлігі. Шағын ғана мақалада оның аудармаларының бәрін тізіп шығу мүмкін емес.
Ортаға өз ойларын салған азаматтардың бәрі де Ғосман Төлеғұлұлына жүрекжарды тілектерін айтып, ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, жаңа шығармашылық табыс тіледі. Кездесу соңында Ғосман Төлеғұлұлы барша жиналған қауымға өзінің ақ алғысын білдіріп, өзінің қыры мен сыры ашылмаған өте бай өмірбаянына, шығармашылық еңбек жолына қысқа ғана саяхат жасады. Өзіне тән дарындылығымен барша қауымды тамаша ақыл-кеңестерімен, таңғажайып қызықты оқиғаларға толы әңгімелерімен баурап, олардың сан түрлі сауалдарына жауап берді.
Үкітай Ахмадеев,
Ақмола облыстық ардагерлер
кеңесінің жауапты хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар