Агроөндіріске жаңа екпін қажет

Қазақстан жан-жақты даму үстінде. Бірақ, біздің негізгі әрі дәстүрлі кәсібіміз ауыл шаруашылығымен байланысты. Соңғы жылдары агроөндіріс елеулі алға басқаны байқалады.

Ауданымызда ірі құрылымдарды қоспағанда шаруа қожалықтары, аула серіктестіктері, отбасылық ұжымдар көбейе түсті. Оның қайтарымы да жоқ емес.
Бірақ, мемлекеттік қолдауды дұрыс пайдалансақ, бұдан да жоғары көрсеткіштерге жететініміз анық. Қолдау демекші, Қазақстан Президенті Үкіметтің күні кешегі кеңейтілген мәжілісінде бұл бағытта елеулі қадамдар жасалғанын айтты. Соңғы 5 жылда агрокешенге 2.4 триллион теңге бөлінген екен. Бірақ, Мемлекет басшысы мұның тиісті нәтиже бермей отырғанын жалпы ішкі өнімдегі ауыл шаруашылығының үлесі 4,5 пайыздан аспайтынымен дәлелдеп, қынжылысын білдірді. Мұндай қаржы бұрын-соңды бөлінбеген. Жергілікті жерге субсидия мың құбылып жететін сияқты. Мәселен, оны бөлуге қатысты 47 рет өзгеріс жасалғаны айтылды.
Ендігі жерде барлық мәселе тәртіпке келтіріледі деп сенеміз. Ал, ауыл шаруышылығы саласының өкілдері ел мерейін көтеруді басты мұрат санайтыны талас тудырмайды.
Төлеген Әбдин,
Еңбек ардагері.
Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар