Жарты жыл өте шықты

Кеше облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткізілген кезекті аппарат кеңесінде Ұлттық бірыңғай тестілеудің 2015 жылғы қорытындысы және оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру, мәдениет саласын дамыту туралы мәселелер қаралды.

Кеңесте алғашқы екі мәселе бойынша облыстық білім басқармасының басшысы Балым Ізбасарова хабарлама жасады. Ұлттық бірыңғай тестілеуден облыс биыл  республикада ортанқол нәтиже көрсеткен. Бірқатар аудандарда ҰБТ көрсеткіштері былтырғыдан олқы соғып жатыр. Облыс әкімі осы кемшіліктерді саралай келе, сала басшылығынан оларды жоюды талап етті. Ал, екінші мәселеге келсек,  бүгінгі таңда облыста 16 сауықтыру орталықтары қызмет істейді. Ол орталықтарда  5687 оқушы  табиғат аясында демалуда. Мүмкіндігінше бірде-бір бала назардан тыс қалып жатқан жоқ. Балалардың жазғы демалысы көбіне мектеп жанындағы лагерьлерде ұйымдастырылуда. Мұндай лагерьлердің саны 675. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларындағы жас жеткіншектер де бұл жағынан басты назарда ұсталуда. Мұндай қамқорлыққа 19851 оқушы ие болған.
Мәдениет саласын дамыту туралы хабарлама жасаған Сәуле Бөрібаеваның сөзінде де негізінен атқарылған жұмыстар тілге тиек етілді. Биыл ерекше жыл. Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланбақшы. Алда басқа да мерекелік шаралар күтіп тұр. Хабарламашы осы тұрғыдағы іс-жоспарлармен де бөлісті. Сонымен бірге, саланың мұң-мұқтажын, айталық, облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының жоқтығын, 22 ауылда кітапхананың жетіспейтінін тілге тиек етті. Әсіресе, соңғы мәселе бойынша Целиноград ауданындағы жағдай алаңдатарлық. Бірқатар аудандар кітап қорын жаңалауға қаржы бөлуді жөн деп таппайды. Осыған көмек сұралғанымен, облыс әкімі бұл мәселелердің денін сол жерлердегі шаруашылық субъектілері арқылы шешуге болатындығын айта келе, осы бағытта көбірек жұмыс істеуді тапсырды. Кеңесте облысқа Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың жұмыс сапарының қорытындылары да қаралып, өңір басшысы жиналғандарды Есіл ауданының Калачи селосында өткен тұрғындармен кездесуден, Целиноград ауданындағы көктемгі су тасқыны зардаптарын жою мәселелерінен хабардар етті. Сондай-ақ, жол құрылысы, біржарым жылдық жемшөп қорын жасау, егістіктерді зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу, тағы басқа кезек күттірмес шаруалар бойынша да  тиісті ведомстволар мен басшыларға нақты тапсырмалар беріліп, жартыжылдың жұмыс қорытындысы бо-
йынша әркімнен қатаң сұралатыны ескертілді.    
 «Арқа ажарының»
өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар