Астықты өңірде алға басушылық байқалады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өңірдің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алға қойған міндеттер жөнінде баяндап берді.

Аудан басшысы өз есебінде бюджеттің жүз пайыз игерілгенін, салық түсімдерінің көлемі бойынша облыстық рейтингте үшінші орынды иеленгенін айтты.
– Мемлекет қазынасы бір жарым миллиард теңге салықпен толықты. Сөйтіп, болжамды салық жоспары жүз бес пайызға орындалды. Салық көлемінің өсімі жыл бойы атқарған жұмыстардың жемісі. Бұл мақсатта ауданда арнайы жұмыс тобын құрып, қырық алты жиын өткіздік. Нәтижесінде, мемлекет қазынасына, қосымша 58 миллион теңге салық түсті. Жыл қорытындысы бойынша ауданның негізгі капиталына 5,3 миллиард теңге инвестиция тартылды. Ағымдағы жылы сүт өндіретін цех, элеватор, балалардың ойын-сауық орталығы, дәмхана, астық қабылдау пункті тәрізді инвестициялық жобалар жүзеге асырылады. Құрылыс жұмысының жалпы көлемі 1,5 миллиард теңгені құрады. Тұрғын үй құрылысына 305 миллион теңге инвестиция тартылып, 6601 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді,–деген аудан әкімі 75 отбасының жаңа пәтерге ие болғанын айтты.
Экономиканың нақты секторында өнеркәсіп кәсіпорындары 3,1 миллиард теңгеден астам өнім өндірді. Орта және шағын бизнес саласындағы 1300 кәсіпкерлік субъектісінде 4 мыңнан астам адам жұмыс істейді. 284 жаңа жұмыс орны ашылды. Бөлшек тауар айналымы 100 пайызға орындалды. Азық-түлік тауарларының негізгі түрлеріне бағаны көтермеу бойынша 15 меморандум жасалыпты.
– Нан бағасын тұрақтандыру үшін «Жарқайың Нан» серіктестігінің диірмен кешені пайдалануға берілді. Өткен жылы ауданның агроөнеркәсіп кешенін дамытуға мемлекет 2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді. Жыл қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 39,2 миллиард теңгені құрады. Қамбаға 574 мың тоннадан астам астық құйылды. Аудан диқандары 158 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. Мал шаруашылығына 38,7 миллион теңге субсидия берілді. Жалпы мал басы, ет, сүт және жұмыртқа өндірісі өсті. Жылдық мал азығы толық дайындалды. Ауданда жыл са-йын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту жұмысы кезең-кезеңмен жүргізілуде. Бүгінгі күні 23 көп қабатты үйді және жеке сектордың 10 объектісін орталық жылу жүйесіне қосу қолға алынды. Қазір аудан тұрғындарының 93 пайызы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Бірсуат ауылының тұрғындары ауыз сумен қамтамасыз етілді. Шойынкөлдіктер де биыл ауыз суға қол жеткізеді. Костычево мен Гастелло ауылдарында ауыз суды тазарту станциясы орнатылды. Өткен жылы 66,5 шақырым автокөлік жолы жөнделді. Қоғамдық көліктің 7 аялдамасы салынып, жол белгілері қойылды. Үкібаевтың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында көптеген нысандар жөнделді,–деген аудан әкімі Мұрат Балпан спорт, мәдениет, денсаулық сақтау салаларының жетістігі мен мәселелері жөнінде баяндап берді. Брифинг барысында журналистер өз сауалдарына нақты жауап алды.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар