Ұлттық халық санағында жаңа тәсілдер пайдаланылады

«Қазақстанда әркім маңызды!» атты ұранмен 2020 жылы Қазақстанда ұлттық халық санағын өткізу жоспарланған.

Осы орайда, «2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданып, Ақмола облысында 2020 жылы Қазақстан Респуб-ликасы халқының ұлттық санағын өткізу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді, халық санағы 2020 жылдың қазан айында өткізіледі. Тәуелсіздік алған жылдардан бері Қазақстанда 2 ұлттық халық санағы атап айтқанда 1999 және 2009 жылы өткізілген болатын. Үшінші ұлттық халық санағын өткізу 2020 жылдың қазан айы-на жоспарланған. Халық санағын дайындау және өткізу үшін жауапкершілік «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне және оның аумақтық органдарына жүктелді. Жергілікті атқару органдары және жеке департаменттер мен басқармалар алдында Ақмола облысы халқының санағын дайындау және өткізу бойынша маңызды және жауапты міндеттер тұр. 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының санағын өткізуге дайындық жүргізу мақсатында келесі шаралар іске асырылды:
– «2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы №419 қаулысын іске асыру бойынша шаралар туралы» Ақмола облысы әкімінің 2019 жылғы 5 тамыздағы №35 өкімі қабылданды;
– «Ақмола облысында 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу бойынша іс-шаралар жоспары» бекітілді;
– Ақмола облысында 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге көмек көрсету бойынша облыстық комиссиясы құрылды;
– «Ақмола облысы халқының арасында алдағы 2020 жылғы ұлттық халық санағының бұқаралық-түсіндіру жұмысын ақпараттық қолдаудың медиа-жоспары» бекітілді.
– Қағаз санақ парақтарынан бас тарту және қазіргі ақпараттық технологияларды пайдалану – бұл алдағы Қазақстан халқының санағын өткізу кезіндегі негізгі жаңа құбылыс.
2020 жылы халық санағын келесі тәсілдермен өткізу жоспарланған:
– онлайн режимінде Интернет желісін пайдаланып толтыру тәсілімен;
– портативті-есептеу құрылғылар (планшеттер) арқылы сұрастыру тәсілімен. Халық туралы мәліметтерді жинау келесі мерзімдерде іске асырылады:
– қазанның 1-інен 15-іне дейін – Sanaq.gov.kz веб-сайт арқылы онлайн режимінде интернет-санақ;
– қазанның 1-інен 30-ына дейін –планшеттерді қолдануымен сұрастыру.
Екі тәсілде де респондентте санақ парақтарының сұрақтарына өзі үшін және отбасының барлық мүшелері үшін жауап беруге мүмкіндік болады.
Санақ 2 кезеңде өтеді:
Бірінші кезеңде – маусымның 1-інен 30-ына дейін – тіркеушілер әр тұрғын үй бойынша халық санын көрсетуімен, елді мекендердегі тұрғын және тұрғын емес құрылыстардың тізімдерін құрады. Екінші кезеңде – қазанның 1-інен 30-ына дейін – есептеушілер тұрғын және тұрғын емес құрылыстардың тіркеушілермен бұдан бұрын құрылған тізімдерін нақтылайды және өзіне белгіленген есеп учаскесіндегі халық туралы және оның тұрмыс жағдайлары туралы мәліметтер жинайды. Халық туралы мәліметтерді жинау бойынша интервьюерлердің деректері планшеттік компьютерлерден Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статис-тика комитетінің «Ақпараттық-есептеу орталығы» мемлекеттік кәсіпорнының орталық серверіне электронды нұсқада «Мемлекеттік органдарының бірыңғай көлік ортасы» байланыс арнасы арқылы жіберіледі.
2020 жылы Ақмола облысында халық санағын өткізу үшін 1300 уақытша санақ персоналы тартылатын болады. Ақмола облысының статистика департаменті санақ кампаниясын жүргізу кезеңіне санақ персоналын тарту барынша ашық түрде өткізілуін қамтамасыз етеді. Санақ персоналын қабылдау бойынша хабарлама облыстық және аудандық БАҚ, интернет-ресурстарында жарияланатын болады.

Ермек МУСИНА,
Ақмола облыстық статистика
департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар