Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қызметі қалай іске асырылуда?

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының мәжіліс залында партияның сайлауалды бағдарламасының «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша аумақтық партия кураторының отырысы өтті.

Партия кураторының кезекті отырысында Ақмола облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу туралы мәселе талқыланды. Онда, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ Ақмола облыстық филиалының басшысы Нұрлан Ақылбеков, Краснояр ауылындағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының жетекшісі Балқия Уәйісова, Ақкөл аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Серік Ақшалов баяндама жасады.
Ел Президенті осы жылдың 2 қыркүйегіндегі Жолдауында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің 2020 жылдың 1 қаңтарында іске қосылатыны туралы хабарлады және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге нұқсан келтірмеу үшін қателіктердің жол берілмеуіне назар аударды. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС жүйесін енгізу үшін барлық қажетті шараларды қабылдады.
– 2020 жылы Ақмола облысы бойынша медициналық әлеуметтік сақтандыру қызметін 45,9 миллиард теңге көлемінде қаржыландыру жоспарланған, бұл 2019 жылғы бюджеттен 1,2 есеге көп. Оның ішінде кепілдендірілген тегін медициналық көмектің көлемі аясында – 32 миллиард теңге, МӘМС жүйесі бойынша – 13,9 миллиард теңгені құрайды. Бүгінде облыс бойынша әлеуетті жеткізушілердің деректер базасында денсаулық сақтаудың 77 субъектісі тіркелген. Олардың 37-сі мемлекеттік муниципалитеттер болса, 40 субъекті жекеменшік. 2020 жылы 44 медициналық ұйыммен 93 келісім шарт жасалды. Оның 31-і мемлекеттік муниципалитет және 13-і жекменшік. Сондай-ақ, кепілдендірілген тегін медициналық көмектің көлемі аясында 46 муниципалды білім беру мекемесімен келісім шарт жасалды. Оның 35-і мемлекеттік болса, 11-і жекеменшік. Ал, міндетті медициналық сақтандыру жүйесі аясында 34 қоғамдық, 13 жекеменшік субъектілер тіркеліп, барлығы 47 муниципалды білім беру мекемесімен келісім шарт жасалды, – деді «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ Ақмола облыстық филиалының басшысы Нұрлан Ақылбеков өз хабарламасында.
Отырыста одан әрі сөз алған Ақкөл аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Серік Ақшалов та аудандық ауруханада МӘМС жүйесін енгізу бойынша ұйымдастыру кеңесі бекітіліп, медициналық ұйымдарды осыған дайындау бойынша іс-шаралар жоспары жасалғанынан хабардар етті.
Бүгінгі күні МӘМС ҰАҚ Ақмола облыстық филиалының басшысының мәлімдеуінше, Заңнамаға сәйкес, барлық қажетті нормативтік-құқықтық база дайындалған. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуінің негізгі принциптері мен тәртібін реттейтін «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заң қабылданды. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің бірыңғай операторының және міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің мәселелері шешімін табуда. Оған қоса, оның қаржылық тұрақтылығы, сатып алу процедуралары, медициналық қызметтерге сараптама және төлем мәселелері нақты жолға қойылуда.
МӘМС жүйесіне халықты тарту жұмыстары әлі де жүргізілуде.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар