Өткен жексенбі күні футболдан Премьер-Лигада сынға түсіп жатқан Көкшетаудың «Оқжетпесі» «Атырауды» қабылдады. Ойынды әдеттегідей, жанкүйер қауыммен бірге облыс әкімі Сергей Кулагин тамашалады.

37-інші минутта меймандар есеп ашты. Бұрыштан тебілген допты Антон Григорьев қақпаға баспен ұрып кіргізді. Ойынның екінші кезеңінде «Оқжетпес» командасының капитаны Әлібек Бөлешов есепті теңестірді. Александр Павловтың алаңнан қуылуы жерлестерімізге  біраз қиындықтар тудырса да, матчтың 73-інші минутында Лука Роткович алаң иелерін алға шығарып еді. Алайда, қосымша уақыттың соңында меймандар қақпашы Цириннің қателігінен есепті теңестіріп кетті.
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар