Елдік істен ешкім сырт қалмауы тиіс

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетовтың төрағалығымен  «Қазақстан – 2050» демократиялық күштердің Ақмола облыстық коалициясының отырысы болып өтті.

Оған саяси партиялардың облыстық филиалдарының жетекшілері, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің өкілдері қатысты. Мәжілістің күн тәртібінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институттық реформасын жүзеге асырудың келелі мәселелері қаралды. Өзінің кіріспе сөзінде облыстық демократиялық күштер коалициясының  төрағасы, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов қазіргі заманғы мемлекет құрудың реформалық бағдарламасының маңызына тоқталды. Бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге қарымды шаралар жасаудың жүз қадамын жүзеге асыру өз кезегінде елімізді әлемдегі дамыған отыз мемлекеттің қатарына қосуға негіз қалайтынын атап көрсетті. Сондықтан, бұл жаңа бастамаларға негізделген ұлт жоспары мемлекетімізді дамытып, алдағы бағытында да адаспауға  бағдар болатыны анық жай. Ал, одан кейін сөз алған «Ақ жол» партиясы облыстық филиалының төрағасы Серік Бейсембаев  Елбасының «100 нақты қадам» ұлт жоспары идеологияны қалыптастыруға ықпал ететінін айтты. Ұлттық идеяларға негізделген бастамаларға қоғамның барлық топтарын тарту аса қажет деді ол.
Қазақстанның коммунистік халық партия-
сы Ақмола облыстық комитетінің хатшысы Бейсенбай Мәжитов, Ақмола облыстық Азаматтық альянсының төрайымы Галина Шеварева, «Қазақстан – 2050» жалпы ұлттық қозғалысының Ақмола облысы бойынша үйлестірушісі Гүлім Бегалина, «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дуанбай Ыбырай және тағы басқалары Елбасының ұлт жоспарына байланысты өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Ал, жарыссөзде сөз сөйлеген «Ақмола облыстық кәсіподақтар орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Кеңес Бекішев  еңбек адамына көңіл бөлу жөніндегі Елбасы бастамасына қолдау білдірді.  Қазір еңбек адамына деген құрмет ерекше жасалуы керектігіне жұрттың назарын аударды. Себебі, ауылды жерлерде жұмыстың жоқтығынан адамдар қалаларға көшуде. Жақсы маманды табу да қиынға айналып барады. Ендеше  ұлт жос-парда айтылған еңбек мәселесі кеңінен насихатталу маңызды деген пікірдің орны бар.
Одан әрі  облыстық демократиялық күштер коалициясы құрамына өзгерістер енгізіліп,  шығып қалған мүшелер орнына жаңалары сайланды. Соңынан  мәжіліс шешімімен  «Қазақстан – 2050» демократиялық күштердің облыстық коалициясының жұмыс регламенті бекітілді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар