Тұрғындар мәселесіне ерекше назар аударылуда

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Егіндікөл ауданының әкімі Ерлан Исабековтың аудан еңбеккерлерінің қол жеткізген жетістіктері және алға қойған міндеттері жөнінде баяндап берді.

Президент өңір басшыларының алдында әр тұрғынның кірісі мен өмір сапасын арттыруға бағытталған міндеттер тұрғанын атап өтті. Бұл кәсіпкерлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және өзге де салалардың жұмысына қатысты. Мемлекет басшысы ел халқына арнаған Жолдауында «Тыңдайтын мемлекет» тұжырымдамасын белгіледі. Оның аясында мемлекет азаматтардың нақты сұрағына жедел әрі тиімді жауап береді. Аудан әкімі өз қызметін тұрғындардың мәселесін шешуден бастағанын айтты. Әкімдіктегі барлық басшылардың бөлмесі аудан тұрғындары үшін әрқашан ашық.
–Келушілерге ыңғайлы болу үшін аудан әкімі мен оның орынбасарларының бөлмелері бірінші қабатқа көшірілді. Әлеуметтік желіде тұрғындардың сұрақтарына жауап беремін. Ауданда Егіндікөл мен өзге селоларға автокөлікпен жету қиындап, жол сапасы, ауыз су, тұрғын үй, денсаулықты жақсарту мәселелері шешімін күтіде. Өткен жылы Егіндікөл-Новочеркаск автокөлік жолы толық жөнделді. Нұра топтық су құбыры республикалық балансқа беріліп, жөнге келтірілді. Биылғы жылы республикалық бюджеттен 600 миллион теңге бөлініп, тозған су құбырлары ауыстырылады. Өткен жылы аудандық бюджеттің 14,9 миллион теңгесіне су сорғыш тетіктері мен өзге де қондырғылар сатып алынды. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында аудан орталығында 16 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы қолға алынды. Агротехникалық колледж үшін ғимарат сатып алынды. Су тасқыны кезінде жарамсыз болып қалған Егіндікөл-Абай автокөлік жолы жөнделді, –
деді аудан әкімі жергілікті жерде 485 шағын және орта кәсіпкерліктің субъектісі жұмыс істейді. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 72 адам кәсіпкерліктің негізін оқып, 32 грантқа ие болды.
–Шағын несиелеу бағдарламасы бойынша 22 адам несие алды. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы 8 қатысушы, «Егіндікөл қаржы КТ» серіктестігі арқылы 14 адам несие алды. 2019 жылы негізгі капиталға 1,9 миллиард теңге инвестиция тартылды,–деген аудан әкімі Ерлан Исабеков өзге де салалардың жетістіктері жөнінде айтып берді. Брифинг барысында журналистер өз сауалдарына нақты жауап алды.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар