Ұстаз Баянның жаңашыл жобасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласында өткен «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсына Щучинск қаласындағы №9 мектеп-гимназиясы директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Баян Бекетай қатысып, жүлделі екінші орынға ие болды.

Ұрпақ тәрбиесіне бей-жай қарай алмайтын жаңашыл ұстаз байқауға «Алтын қор» деп аталған еңбегін ұсынған-ды. Бұл еңбектегі қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтары жайлы деректер мен ауыз әдебиеті үлгілерін оқушылар өздері жинақтаған болатын. Жоба заман талабына сай үйлестіріліп жасалған инновациялық жаңашыл бағдарлама деп танылды.
Бұл жайында бізге Бурабай ауданы Щучинск қаласындағы №9 мектеп-гимназия-
сы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлайым Қалмағанбетова хабарлады.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының»
өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар