Димаштың әлем сүйсінген үні

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының өнер залында қазақ елінің көк туын әлем сахналарында желбіретіп жүрген, танымал әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ерекше дауыс иегері Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған музыкалық кеш өтті.

Кештің арқауы ретінде әншінің махаббат жайлы, лирика мен сезімге толы әндері таңдалынып алынды. Димаштың әндері жүрекке жетеді, оның табиғи дарынына ешкім күмән келтірмейді. Ол – өзін әлемге мойындатқан әнші.
Димаш – қазақ елінің шын патриоты. Димаштың әр айтқан әнінде, сөйлеген сөзінде, мәнерінде елге, жерге, халыққа деген махаббат, шексіз сүйіспеншілік жатқандығын байқауға болады. Димаш – қазақ тарихында есімі алтын әріптермен жазылатын тұлға. Ол жастарға үлгі болатын азамат. Сонымен қатар, оқырмандар үшін Димаш Құдайбергеннің өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат беретін журналдардан ақпараттық көрме дайындалды. Сондай-ақ, жиналған студенттер үшін викториналық ойындар өткізіліп, дастархан жайылды. Ұйымдастырушылардан естелік болып қалсын деген ниетпен оқырмандарға күнтізбелер сыйға тартылды. Осы кештің өткізілуіне демеушілік жасаған «Той Дастархан» серіктестігі мен «Аспект» жарнама агенттігіне алғыс білдіреміз.
Жадыра ӘУБӘКІРОВА,
Кітапхананың өнер саласындағы
әдебиеттер бөлімінің меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар