47,5 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шортанды ауданының әкімі Гайдар Қасенов аудан еңбеккерлерінің өткен жылы қол жеткізген жетістіктері мен биылғы жоспары жөнінде баяндап берді.

– Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдіру барысында жүргізіліп жатқан барлық іс-шаралар Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың алға қойған Стратегиясын, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгіленген міндеттерді, мемлекеттік бағдарламаларды, Үкімет пен облыс әкімдігінің берген тапсырмаларын орындауға бағытталған, – деген аудан әкімі өткен жылы 47,5 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілгенін айтты. Өнім көрсеткішінің өсуіне «ГМК Қазақалтын» акционерлік қоғамының инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруы үлкен серпін берген. «Қазақалтын технолоджи» серіктестігі өткен жылы 18,5 миллиард теңгенің 1178 келі алтынын, 1076 келі күмісін өндірді. «Төңкеріс» астық қабылдау кәсіпорнының диірмені, «Полимер-Пласт», «Белая лилия», «Тұран Индастру» серіктестіктері 22 миллиард теңгенің өнімін өндірді. «Есіл Стоун», «Иман 2030», «Бозайғыр», «Шортанды гранит», «Массами Плюс» серіктестіктерінің зауыттары құрылыс материалдарын шығарып келеді. Соңғы екі жылда аудан аумағын дамыту бағдарламасына 20-дан астам инвестициялық жобалар енгізілді.
– Биылғы жылы Бозайғыр ауылында тауарлы сүт фермасы іске қосылады. Дамса өзені жағалауында демалыс орны ашылады. Жеке кәсіпкер Воложаниннің жылқы фермасы ашылады. Шұжық цехы ұлғайтылып, 35 жаңа жұмыс орны құрылатын болады. Өткен жылы 237 мың тонна астық жиналып алынды. Гектар берекесі 11,5 центнерден айналды. 1880 тонна картоп, 2 мың тонна майлы дақылдар, 397 тонна көкөніс жинап алынды. Сондай-ақ, 4,1 мың тонна ет, 14,9 мың тонна сүт, 3,1 миллион дана жұмыртқа өндірілді. 2019 жылы 10 ет фермасы, 1 қой-ешкі фермасы іске қосылды. 3 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің 1,5 мың субъектісі тіркелген. Оның 1,1 мыңы жеке кәсіпкерлер. Экономика саласында 225 жаңа жұмыс орны ашылды. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 206 адам бизнестің негізін жүргізуді үйренді. 37 адам шағын несие алып, өз ісін ашты. 65 адамға грант берілді,–деген аудан әкімі Гайдар Қасенов журналистер қойған сауалдарға жауап берді.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар