Нұр-Сұлтан қаласы, Ақорда. (6 ақпан 2020 жыл). Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік кәсіпкерліктің бір топ өкілдерімен кездесті. Бұл кездесуде Ақмола облысынан «Дастархан» серіктестігінің директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Елена Мащинская да болды.

Президентпен кездесуге «Green TAL» әлеуметтік шеберханасының басшысы, «Best for kids» қоғамдық қорының вице-президенті Эмин Әскеров, «Дастархан» ЖШС директоры Елена Мащинская, «Қамқор отау» әлеуметтік жобасының директоры, «Тренинг-Кафе» әлеуметтік жобасының үйлестірушісі Бақытжан Құдияров қатысты.
Кәсіпкерлер Президентке еліміздегі әлеуметтік кәсіпкерліктің ахуалы мен оны әрі қарай дамыту перспективалары жайында айтты. Сонымен қатар олар аталған саладағы өзекті проблемалар жөніндегі ойларымен бөлісіп, оның ішінде қажетті ғимараттар мен өз өнімдерін өткізу орындарының тапшылығы туралы жеткізді.
Жиынға қатысушылар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауды жоғары бағалап, Қазақстан Президентіне биыл күзде әлеуметтік кәсіпкерлердің бірінші республикалық форумын өткізу жөніндегі жоспары туралы баяндады.
Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлердің қоғамға пайдалы жобаларды жүзеге асырып жатқаны үшін ризашылық білдіріп, олардың форум өткізу жайындағы идеясын қолдады. Президенттің айтуынша, мемлекет бүкіл республика аумағындағы әлеуметтік бизнеске жан-жақты қолдау көрсете береді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар