Мен елімді әнге қосып мақтан етем

Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы.
2020 жылдың қаңтардың 30-ынан бастап, «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Біз -Мәңгілік елдің ұрпақтары» атты жас патриоттардың Республикалық жиыны өтуде. Аталған ауысымға жиналған патриоттық іс-шаралардың қатысушылары мен батыр-балалар, балалар бірлестіктері және жасөспірімдер ұйымдарының белсенділері мен көшбасшылары арасында «Мен елімді әнге қосып мақтан етем» атты патриоттық әндер байқауы өтті. Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген, жұдырықтай жүрегі елім, жерім деп соққан 10 топ қатысты. Әр топ өз Отанына деген патриоттық сезімін әсем әндерімен жеткізе білді. Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені  6-шы топ, І орынды  1-ші топ, ІІ орынды 3-ші топ, ІІІ орынды   9-ыншы топ иеленді.
Иә, Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр.
Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін – Елдің бірлігі. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – татулық, бірлік, берекесі. Тарихы, тілі, діні, салт-дәстүрі ғасырдан-ғасырға ұласып, ата-бабаларымыздың мұра етіп қалдырған жерін, байлығын бүгінгі күні «Мәңгілік ЕЛ» болашақ ұрпақтары жалғастырады және ұрпақтан- ұрпаққа мұра етіп қалдырады деп кәміл сенеміз.

Данияров Ғазиз Бақтиярұлы
«Балдәурен» РОСО әдіскері

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар