Поэзия өнерінің канондары туралы трактат

Поэзия өнерінің канондары туралы трактат

Соңында өлмес мол мұра қалдырған, Екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Поэзия өнерінің канондары туралы трактатының» жалғасын назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Драма – ол да дәл (алдыңғы сияқты) жанр түрі, бірақ мұнда белгілі бір адамдар мен жекелеген (тұлғаларға) қатысты мәтелдер және жалпыға мәлім нақылдар айтылады.
Айнос – ол өзінде не өзінің жоғары шеберлігінің, не олардың кереметтігі мен таң қаларлығының арқасында адамға ләззат беретін ой толғауларды қамтитын поэтикалық жанр.
Диаграмма – ол тәртіпке бағынбайтын және түзетуге келмейтін адамдардың жаны күтетін үрейлі жағдайларды суреттейтін әрі оны заңгерлер қолданатын поэтикалық жанр.
Эпос және риторика – ол бұрынғы саяси және құқықтық тәртіптер сипатталатын (поэзия) жанрлары. Поэзияның бұл жанры, сондай-ақ, өмір салтты және монарх іс-әрекеттерін, (олардың басқару) уақытын әрі оқиғаларды сипаттайды.
Сатира – ол көлемі бар жанр, оны музыканттар өздерінің ән айтуымен (маскарадшы адамдар) аңдарды және жалпы әртүрлі жан-жануарларды түрлі, (адамдардың) табиғи қозғалысынан ауытқушылығы бар әрі ол адамды таң қалдыратын қозғалыстар жасауға мәжбүрлеу үшін жасаған.
Поэма – ол поэтикалық жанр, ондағы өлеңдер аса жақсыны және жаманды, дұрыс пен бұрысты сипаттайды; бұл өлеңдердің әрбір түрі өте көркем мен өте жақсыны, ұсқынсыздық пен т.б. іс-әрекеттерді еске салады.
Амфигенезис – ол ғалым-жаратылыстанушылар жасаған поэтикалық жанр, онда олар жаратылыс ғылымдарын сипаттайды. Поэзия жанрларының ішінде бұл жанр поэзия өнерінен біршама алыстау тұрады.
Акустика – ол оқушыларды музыка өнеріне оқытуда қолданатын поэзия ішіндегі бір бөлімі; осымен оның қолдану аясы шектеледі және ол басқа салада қолданылмайды.
Бұл жөнінде осы поэзиямен таныс адамдардың бізге толық хабарлап жеткізгеніндей және данагөй Аристотельге, Темистияға және басқа ежелгі (философтарға), сонымен бірге, олардың кітаптарына комментария жасаушыларға да тиесілі болып есептелетін поэ-
зия өнері бойынша ой толғауларда бұл жөнінде біздің келген шешімдеріміз бойынша грек поэзиясының жанрлары мен мазмұны осындай. Олардың кейбір ой толғауларынан біз классификациялауға қатысты идеяларды кездестірдік, енді біз оларды да қарастырамыз.
Біз: ақындарды (үш категорияға бөлуге болады деп айтамыз. Біріншілері) табиғи дарынға және шығармашылық қабілетке әрі өлең оқу қабілетіне және көпшілік жағдайда не поэзия жанрында, не қандайда бір нақты жанрда керемет салыстыру мен метафораларды (ойлап табу) бейімділігіне ие болғандар. (Бұл ақындар) поэзия өнерімен тиісті дәрежеде таныс емес, бірақ олар керемет табиғи дарынмен және өздеріндегі бар айта білу бейімділігімен қанағаттанады. Олар сөздің ақиқат мәні тұрғысынан алғанда «ойшыл» ақындар емес, өйткені оларда баяндау тұрғыдағы жетілу болмайды және оларда өнердің осы түрінде мықты негіз жоқ. Мұндай ақын тек ақын ретінде өз ісін көрсетуінің арқасында ғана «ойшыл» деп аталады.
(Ақындардың екінші категориясы) поэзия өнерінің заңдарымен шын мәнісінде таныс адамдардан, олар қандай салаға бармасын, оларға поэзияны көрсету құралдарының ешқайсысы немесе поэзия канондарының (ешқайсысы) жат болмайтындардан құралады. Бұл (ақындар) салыстыру мен метафораны шебер (ойлап табу) сияқты керемет қабілетке ие болады. Мұндай ақындар заң бойынша «ойшыл» ақын мәртебесін алуға лайықты.
(Үшінші категорияға) алдыңғы екі топ ақындарына және олардың шығарғандарын сақтай отырып әрі салыстыру мен метафорада оларға еліктей отырып, олардың шығармашылығына еліктейтіндер жатады. Олар оның үстіне ешқандай поэтикалық тума дарындылыққа немесе осы өнердің канондарын қандайда бір түсіну қабілетіне ие болмайды. Ақындардың дәл осы категориясының арасында кемшіліктер мен қателіктер өте жиі болады.
Біз: ақындардың осы үш тобының әрқайсысының шығармасы не «табиғи жолмен», не «мәжбүрліктен» жасалуы мүмкін деп айтамыз. Бұл жерде мен қандайда бір жағдай адамнан өзі сатиралық (өлеңдерді) немесе басқа қандайда бір жанр өлеңдерін жасау үшін панегириканы туғызуға «табиғи» дарындылықты (қабілетті) талап ететін жағдайы болуы мүмкін деген ойды айтамын. Осы өнерді зерттеуші адам басқалардың ішінен өзі таңдап алған белгілі бір поэтикалық жанрмен танысуы мүмкін, қандайда бір жағдайдың себебінен оған өзінің бейімі жоқ (және сондықтан) ішкі немесе сыртқы мәжбүрліктен (өлең жазатын) жанрмен айналысуға мәжбүр болуы мүмкін. Алайда, ең керемет (поэзия), ол -«табиғи жолмен» жасалынатын поэзия.
Әрі қарай, өлеңнің жазылу кезіндегі ақындардың (рухани) жағдайы олардың дәрежесінің жетілгендігі немесе жетілмегендігі бойынша ерекшеленеді. Ол не идеяға, не (поэтикалық) тақырыпқа байланысты болады. Идеяға қатысты айтатын болсақ, қажетті рухани сапалық күйдің кейде көтеріңкі, кейде бәсең болуына байланысты, олар басқаларға қарағанда белгілі бір уақытта біршама пайдалы болып келеді. Алайда, бұны толық жете талдау жасау бұл зерттеудің мақсаты болып табылмайды, (өйткені) ол этика туралы кітаптарда түсіндірілген және рухани сапаларды әрі олардың жеке дара ықпалдарын сипаттауларда баяндалған. Тақырыпқа қатысты айтатын болсақ, салыстырылып отырған екі жағдай арасындағы ұқсастық бір кезде бір-бірінен алыс болуы мүмкін, ал, басқа кезде – жақын әрі ол басым көпшілікке айдан анық болуы мүмкін. (Ақынның) жетілгендігі немесе жетілмегендігі туралы пікір (салыс-
тырылатын) жағдай ұқсастығының жақын немесе алыс болуына байланысты болады.
Кейде өнермен кездейсоқ айналысатын адам маманның бәсекеге түсуіне қиын болатын өте тамаша өлеңдер жазуы мүмкін. Алайда, бұл таза кездейсоқ және сәйкес келу жағдайының арқасында болады әрі мұндай ақын «ойшыл» деп аталуы мүмкін емес.

Интернет материалдары бойынша дайындаған
Қалкөз Жүсіп.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *