Қазақ білсін!

Қол үздік. Мал сою, киім тігу, киіз басу, алаша тоқу кезінде көмектескен адамға «қол үздік» беріледі. Мұндайда көмектескен кісінің еңбегі үшін ине-жіп, жүн, ет, т.б. ұсынылады. Ең бастысы, сенің үйіңде де осындай тірлік болсын, осындайға жет деп, үй иесі зор алғысын айтады.
Қол ұшын беру. Ауыл адамы біреудің үйінің жанынан өтіп бара жатып, шөп үйіп кірпіш құйып, үй салып жатқандарды көрсе, қастарынан «көз жұмып» өте шықпаған Міндетті түрде арнайы бұрылып, азын-аулақ болса да көмектескен. Мұны «қол ұшын» беру деп атаған. «Қол ұшын беру – адамды қайырымдылыққа, жанашырлыққа үйреткен.
Қой басты. Кигіз басу – өте қиын, ауыр жұмыс. Алдымен жүнді сабаумен сабайды, сосын оны бояйды, қайнатады, құрғатады, орайды. Ораудың астынан арқан өткізіп, жіптің ұшынан ұстап, аяқпен теуіп отырып, үй-үйдің арасынан өткізеді. Кез-келген үйдің жанына келгенде «қой бас-
ты, қой басты» деп дауыс-
тайды. «Сенің үйіңде қой көбейсін!» – деген тілек айтылады. Мұны естіген үй иелері сыртқа шығып, киіз басушы әйелдерге қымыз, бауырсақ, құрт, т.б. береді. Бұл негізінен әзіл-қалжың түріндегі дәстүр. Өкінішке қарай, қазір «қой басты» мүлдем ұмытылып барады.
Тулақ шашу. «Тулақ шашу» – жүн сабау кезінде орындалатын дәстүр. Үй иесі әйел жүн сабау біткен соң, көмектесуге келген әйелдерге дастарқан жасап, сый-құрмет көрсеткен. Мұны – «тулақ шашу» деп атаған.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар