Заң көмегін қалай алуға болады?

Ақмола облыстық Әділет департаментінде халыққа құқықтық көмек көрсету мақсатында бірыңғай сот практикасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті. Аталмыш іс-шараға әділет департаментінің, облыстық соттың, адвокаттар алқасының және Ақмола облысының заң консультанттары палатасының қызметкерлері қатысты.

Отырыс барысында әділет департаменті басшысының орынбасары Г. Әкімова «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бо-йынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын тарқатып айтып берді.
Қазіргі таңда азаматтарға заң көмегін көрсететін субъектілер шеңбері заң аясында кеңейтілді. Заң көмегін көрсететін мемлекеттік органдар, адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары, заң консультанттары және жеке тұлғалардың белгілі бір тобы болуы мүмкін.
Сонымен қатар, жиын барысында азаматтардың конституциялық құқығын қорғау, кодекстің 58-бабына сай соттарға адвокаттар мен заң консультанттары болып табылмайтын ұйым қызметкерлерінің қатысуының заңдылығы бөлігінде біркелкі қолдану мәселелері әңгіме өзегіне айналды.
Іс-шара соңында білікті мамандар азаматтарға заң көмегін көрсету бағытындағы жұмыс тәжірибелерін ортаға салып, өзара пікір алмасты.

Ақмола облыстық Әділет департаментінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар