Қаржылай көмек ауыл шаруасын алға бастыруда

Ақмола облысында инвестициялық салымдарды субсидиялауға жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен өтінімдер қабылданып жатыр.

Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және маркетинг бөлімінің бас маманы Ажар Құсайынованың айтуынша, бұл бағдарлама өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы саласындағы ауыл шаруашылығы техникасын субсидиялауға, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ, Ақмола фермерлерінің сапалы тұқым сатып алуына бағытталған.
Алдымен, бұл субсидия ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері арасында зор сұранысқа ие. Мәселен, 2017 жылы осы субсидияны алу жөнінде 13,4 миллиард теңгенің 612 өтінімі мақұлданса, 2018 жылы 4,3 миллиард теңгенің 630 өтінімі оң шешіліп, өткен жылы 17,3 миллиард теңгенің 2023 өтінімі мақұлданған. Бұл ақмолалық аграршыларға республикада жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу бойынша алдыңғы қатардан көрінулеріне үлкен мүмкіндік берді.
Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Димаш Таласбаевтың айтуынша, бағдарлама бойынша биылғы жылға бөлінген қаражат 8,1 миллиард теңгені құрап отыр. Бір апта ішінде осыған байланысты біздің аграршылардан 500-ден астам өтінім келіп түскен және субсидиялауға өтініш қабылдау әлі де жалғасуда.
Өткен жылы бөлінген 17,3 миллиард теңге қаржыға облыс ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 1500-ден астам техника мен құрал-жабдықтар сатып алды.
Сонымен қатар, «Макин құс фабрикасы», «Родина» агрофирмасы», «Жылыжай технологиялары», «Capital project ltd», «ММК «Аян», «Хлебная Нива» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және тағы басқа жетекші кәсіпорындармен іске асырылған ірі жобалар қаржыландырылды.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірге 107,3 миллиард теңге көлемінде инвес-
тиция тартылды. Осылайша 2018 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш төрт есеге артып отыр.
Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы аграрлық саланы дамытуға зор септігін тигізеді. Ол кәсіпорындарда жаңа технологияларды игеруге, өсімдіктердің жаңа түрлерін өсіруге, сондай-ақ облыстың қайта өңдеу өнеркәсібінде өндірілетін өнімдердің үлесін арттыруға мүмкіндік береді. Ал, бұл өз кезегінде біздің еліміздің экономикасының дамуына оң әсер етеді.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар