Волонтерлар мектебі ашылды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлікті дамыту мақсатында 2020 жылды Волонтер жылы деп жариялағаны белгілі. Осыған орай, Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының коворкинг-орталығында «Волонтерлар мектебі» ашылды.

Мектеп әлеуметтік-мәдени жобасы аясында ашылып отыр. Шара барысында сөз алған Ақмола облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Анаргүл Бекбайқызы, «Жас Отан» жастар қанатының басшысы Сұлтанбек Бекешев, кітапхана директорының орынбасары Галина Савенкова мектептің негізгі мақсаттары мен міндеттері және қызмет бағыттары туралы әңгімелей келе,
волонтерлік бағытты іске асыру өскелең ұрпақтың адамгершілік дүниетанымын қалыптастыруға ықпал ететініне және мұқтаж адамдарға риясыз көмек көрсетуге мүмкіндік беретініне тоқталды.
Егер шын ниеті болса волонтер болу кез-келген адамның қолынан келетін қабілет. Волонтерліктің мәні әрбір жанның қиын жағдайда шын ниетімен барлығын ақылға сала отырып жасаған жақсылықтарымен өлшенеді. Ол үшін көмектің өзін дұрыс көрсете білу керек. Осыған орай ашылған «Волонтерлар мектебінде» алғашқы оқу басталып та кетті. Бұл күні волонтерлар бір-бірімен таныса отырып, алғашқы сабақты тренинг түрінде өткізді.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар