Еншімізде бір алтын, бір қола медаль

Алматы қаласында белбеу күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында жерлестеріміз үздік нәтиже көрсетті.

Белбеу күресі – ежелгі күрес түрі. Спортшылар жекпе-жек кезінде бір-бірін белбеуден ұстап, белдеседі және әрқайсысы өз қарсыласын жығуға, жеңуге тырысады. Мұндайда жылдамдығы, ептілігі және физикалық дайындығы мықты палуан ғана жеңіске жете алады.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметіне сүйенсек, ақмолалық палуандар қарсыластарының мықтылығына қарамастан, жоғары нәтиже көрсеткен. Айталық, 68 келі салмақта боз кілемге шыққан Қуанбек Аслан Қазақстан Республикасының чемпионы атанғаны, ал, Есмұхамбет Серік қола жүлдеге қол жеткізгені облысымыз үшін үлкен жетістік.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар