Құтқарушылар зейнеткерлерге көмекке келді

Көкшетау қаласының жедел-құтқару жасағының құтқарушылары волонтерлермен бірге қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, Қанай би және Некрасов көшелерінің бойында тұратын жалғызілікті зейнеткерлерге аулаларын қардан тазартуға көмектесті.

Әсет Шәріпов басқаратын Көкшетау қаласының №1 құтқару бөлімшесінің құтқарушылары мен волонтер жастар қолдарына күрек алып, жол жиектерін, үйлердің аулаларын және шатырларын қардан тазартты. Содан кейін құтқарушылар зейнеткерлерге көктайғақ, боран кезіндегі сақтық шараларын түсіндіріп, өрт қауіпсіздігі ережелері жайлы да айтып берді. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар кезіндегі тұрғындардың іс-әрекеттері туралы айтып, осы тақырып бойынша жадынамалар таратты. Осынау жақсылықтары үшін қарттар бөлімше қызметкерлеріне, жастарға шынайы ризашылықтарын білдірді.
Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің
жедел-құтқару жасағы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар