АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Номиналы 2000 теңгелік банкноттар туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес Ұлттық Банк Төрағасының Қазақстан теңгесі банкноттарында қолтаңбасының қойылуы туралы талаптың 2016 жылдан бастап алып тасталғанын еске салады. Қазіргі уақытта айналыста Ұлттық Банк Төрағасының қолтаңбасы қойылған, сол сияқты қолтаңбасы қойылмаған 2012 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар бар. Бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға міндетті. Сұрақтар туындаған жағдайда Қолма-қол ақша айналысы Департаменті +7 (7272)596 814, Ұлттық Банктің Ақмола филиалы +7 (7162)551 809 телефондары бойынша хабарласуға болады.
Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар