Құрметті Ақмола облысының тұрғындары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

2020 жылғы 25-26 ақпан аралығында «Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін көктемгі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға дайындау» тақырыбында Ақмола облысында «Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.
Оқу-жаттығу азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларды жоюға дайындығы мен қабілетін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының көктемде орын алатын төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығын тексеру мақсатында өткізіледі.
Оқу-жаттығуды басқару штабы Көкшетау қаласында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында орналасқан, мекенжайы: Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі, 87, Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті.
Байланыс телефоны: 8 (7162) 551474.
Жауапты тұлға: төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы майор Асхат Еркебұланұлы Ақылжанов.
Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар