Қоғамдық кеңестер – қоғаммен байланыс дәнекері

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Nur Otan» партиясының бас ғимаратында «Қоғамдық кеңестер: қоғамдық институтты заңнамалық дамытудың тәжірибесі мен оң қадамдары» тақырыбымен онлайн режимінде «Nur Otan» партиясы жанындағы Құқықтық кеңестің және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің бірлескен отырысы өтті.

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Nur Otan» партиясының бас ғимаратында «Қоғамдық кеңестер: қоғамдық институтты заңнамалық дамытудың тәжірибесі мен кейінгі қадамдары» тақырыбымен онлайн режимінде «Nur Otan» партиясы жанындағы Құқықтық кеңестің және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің бірлескен отырысы өтті.
Комитет төрағасы Нұрлан Әбдіровтың төрағалығымен өткен отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестердің қызметтік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының негізгі бағыттары қаралды. Яғни, онда қоғамдық кеңестердің қызметін заңдастыру саласында Мәжілістің және «Nur Otan» партиясының тарапынан атқарылып жатқан істер жайлы айтылды.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспары бағдарламасының 99-шы қадамын жүзеге асыру аясында 2015 жылғы 2 қарашада «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Қазақстанда қоғамдық кеңестер құрылған сәттен бастап, үш жылдан астам уақыт өтті. Ағымдағы жылы аталған институт құрылымдары өз құрамдарын жаңартты. Қоғамдық кеңестердің жұмысы нәтижесінде Үкімет саясатының ашықтығы, билікке деген қоғамдық сенім арта түсті. Алайда, мұның бәрі болашақтағы жұмыстың бастамасы ғана. Бүгінде қоғамдық кеңестер институты ашық мемлекет құру және оған азаматтық қоғам атынан бақылауды қамтамасыз ету мүддесін көздеуде.
– Назарларыңызға ұсынылған заң жобасы қоғамдық кеңестер қызметінің тәжірибесін, сарапшылардың, жұртшылықтың, азаматтық қоғамның және халықаралық ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып әзірленген. Осы ретте, бұрынғы заңның негізгі тұжырымдамасы сақталатынын, ұсынылған ұсыныстар қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіруге бағытталатынын ерекше атап өткім келеді, – деді вице-министр Данияр Есин өз сөзінде. Одан әрі сөз алған Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов:
– Әркімнің әртүрлі пікірі, көзқарасы болуы мүмкін. Соған қарамастан, заңның түпкі мәніне бойлауымыз керек. Оған бәріміз де мүдделіміз. Қабылданған Заң туралы ойымызды алдымен, оның қажеттілігін, мүмкіндігін зерттеп алып айтуымыз керек, –деп атап көрсетті.
Осы жолғы кеңейтілген отырысқа жергілікті атқарушы және өкілетті органдардан мәслихат хатшылары да қатысты. Онлайн режимінде өткен жиында сөз болған мәселелерді Ақмола облыстық «Nur Otan» партиясының ғимаратында қоғамдық кеңес төрағалары, олардың белсенді мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдар қызметкерлері де тыңдап, талқылауға қатысты. Одан түйген ойымыз – біздің облысымызда да қоғамдық кеңестер мемлекеттің халық алдында есеп беру үрдісін қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру жолында дәйекті жұмысымен көрініп келеді.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар