Шуаққа ынтық гүлдей тілге талпынған

Қазақ тілінде туған тіліндей еркін сөйлейтін өзге ұлт өкілдерінің бірі – Макин орта мектебінің 5-сынып оқушысы София Езова. Ол кішкентай кезінен-ақ қазақ тілін үйренуге құштар.

Ата-анасы қыздарының қазақ тілін жақсы біліп, қазақ мектебінде білім алғанын қалаған соң Софияны оқуға қазақ мектебіне берген екен. Алғашында аздап қиналғанымен, уақыт өте келе, өзінің алғырлығының арқасында тілді тез үйреніп кетті. Бүгінде ол мектебіміздің озат, тәртіпті оқушыларының бірі. Сабақты жақсы оқиды.
Мектепте өткізілетін барлық іс-шараларға белсене қатысып, қазақша өлең оқып, ән айтады. Сүйікті пәндері – қазақ, ағылшын тілдері және дене шынықтыру сабақтары. 2019-2020 оқу жылында мектепте жаңадан ашылған хореография, гимнастика үйірмелеріне де үзбей қатысып жүр. Бос уақытында сурет салғанды ұнатады, анасы мен әпкесіне үй шаруасына көмектеседі.
Тағы бір айта кетерлігі, София қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарына белсене қатысып, өзіне берген тапсырмаларды дер кезінде орындауға тырысады. Қазақша кітаптар оқып, білімін жетілдіріп жүреді. Күнделікті өмірде сыныптастарымен, басқа да адамдармен таза қазақ тілінде сөйлеседі. Мәтіндер мен әңгімелердің мазмұнын дәл жеткізіп, талдау жұмысына да қатысады. Міне, осындай шәкіртімнің барына мақтанамын және Софияның болашағынан зор үміт күтемін.
Мәнсия ӘБЖАНОВА,
Макин орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Біржан сал ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар