Партия белсенділері марапатталды

Ақмола облысының әкімі, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Ермек Маржықпаев 1 наурыз – «Nur Otan» партиясының құрылған күніне орай, филиал ғимаратында өткізілген салтанатты жиналысқа қатысып, партия мүшелерін көктеммен бірге келе жатқан мерекелерімен құттықтады және партия қатарына жаңадан қабылданған бір топ ақмолалықтарға мүшелік билеттерін табыс етті.

Салтанатты жиналыста сөз алған Ермек Маржықпаев «Nur Otan» партиясы тәуелсіз мемлекетіміздің ажырамас бөлігі екенін айтты.
– Соңғы жиырма жылда біздің партия өзінің тиімділігін, әр қазақстандықтың алдында жауапкершілігін көрсетті. Партия қатары жыл сайын толыға түсуде. Бәрімізді бұл орайда, ортақ мүдде біріктіреді, басты мақсатымыз – халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, – дей келе, Ермек Маржықпаев партияның бірқатар белсенділеріне өз атынан Алғыс хаттарын табыс етті.
Сондай-ақ, бұл күні «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының кеңесшісі Алмаз Базарбаев, «Ана үйі» қоғамдық қоры дағдарыс орталығының үйлестірушісі Құралай Жұмабекова, Көкен Шәкеев атындағы ақындар мектебінің жетекшісі Мұхамед Қоңқаев және тағы басқа нұротандықтарға партия билеттері тапсырылды.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар