Президент

Қазақстан Республикасының Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» АҚ-ның трансформация форумына қатысты.

Форумға Қазақстанның мемлекеттік органдарының, халықаралық қаржы институттарының, соның ішінде шетелдік қорлардың өкілдері мен халықаралық сарапшылар қатысты. Мемлекет басшысы өз сөзінде қор мемлекеттің мұнай-газ және атом өнеркәсібіндегі, энергетика, көлік және коммуникациялардағы ірі активтерін біріктіретіндігіне тоқталды. Елбасы 5 жылдан кейін Қордың үш компания-сы әлемдегі ірі компаниялардың Fortune-500 тізіміне кіру керектігі жөнінде міндет қойды.

Елбасы Корея Республикасының Инчхон қаласында өткен XVII жазғы Азия ойындарында табысты өнер көрсеткен Қазақстанның құрама командасын құттықтады.
 
Мемлекет басшысы барлық қазақстандықтардың және жеке өз атынан спортшыларды құттықтап,  олар біздің құраманың спорттағы жеңістерінен мақтаныш сезіміне бөленетін миллиондаған отандастарымыздың үмітін ақтағанын айтты.
«Азия құрлығының 45 елінің спортшыларымен болған қызу бәсекеде сіздер аса табандылық, шеберлік және жеңіске деген зор ерік-жігер көрсетіп, 84 медаль, соның ішінде 28 алтын медаль жеңіп алдыңыздар. Бұл – Қазақстанның жазғы Азия ойындарына қатысу тарихындағы ең үздік нәтиже, жаңа рекорд», – делінген құттықтауда.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Украинаның экс-Президенті Леонид Кучманы қабылдады.

Кездесу барысында Украинадағы ахуалға қатысты пікір алмасылды.
Елбасы екі елдің арасындағы ежелден қалыптасқан достық қарым-қатынас өзара тиімді серіктестік негізде дамығанын атап өтті. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Украинаға гуманитарлық көмек көрсету мүмкіндігін  қарастырып жатқанын айтты.
Өз кезегінде Л.Кучма Қазақстан мен Украинаның түрлі салалардағы қарым-қатынастарын бұдан әрі дамытудың маңыздылығын атай отырып, екі елдің арасындағы өзара іс-қимыл жаңа деңгейге шығатынына сенім білдірді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар