Баспанамен қамтудың жолдары қарастырылуда

Степногорск қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 45 пәтерлі екі тұрғын үй салынып жатыр.

Қала әкімдігінің мәліметінше, қазіргі таңда нысандардың электр желілері тартылып, су құбырлары орнатылған. Тұрғын үй салынып біткен соң, кезекте тұрғандар мен көп балалы аналарға, аз қамтылған отбасыларға берілетін болады. Өткен жылы қаланың құрылыс жұмыстары үшін 6,3 миллиард теңге бөлініп, 12,9 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген болатын.
Сонымен қатар, өндірістік қалада ана бір жылдары иесіз қаңырап қалған үйлер де қалыпқа келтірілмекші. Бұл үйлерді толықтай жөндеуден өткізіп, баспанаға мұқтаж жандарға беру жағы ойластырылуда.

Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Степногорск қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар