Қазақтың Абай данасы

Қазақтың Абай данасы,
Сөзінің қымбат бағасы.
Абайдың жырын жаттайды,
Алаштың әрбір баласы.

Зерек те болған жасынан,
Ағынды судай тасыған.
Күштіге болып тосқауыл,
Әлсізге жаны ашыған.

Тау көтеретін алыптай,
Білім іздеген жалықпай.
Арсызбен өтті алысып,
Қайраты бойда шарықтай.

Жүректе жыры жаңғырған,
Қазақ деп белін талдырған.
Ақылдың кені ұрпаққа,
Қара сөз жазып қалдырған.

Ғұмыры қандай мәнді еді,
Еңбекпен күшін әрледі.
Қазақ даласын тербейді,
Абайдың әсем әндері.

Ұлағат сөзін ұғамыз,
Адам боп жақсы шығамыз.
Қазынасы ұлы қазақтың–Абайды мақтан қыламыз!

Айнұр ҚАБЖАН,
Көкшетау қаласындағы IT мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы.
Жетекшісі
Іңкәр АХМЕТЖАНОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар