Облыс әкімінің орынбасары тағайындалды

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың биылғы жылдың 2 наурызындағы өкімімен және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Мәлгаждар Саттарұлы Тәткеев облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Мәлгаждар Саттарұлы Тәткеев 1960 жылы бұрынғы Көкшетау облысында туған. Білімі жоғары. КСРО Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебін бітірген.
Тарих ғылымдарының кандидаты. 1983 жылдан бастап құқық қорғау органдары саласында әртүрлі лауазымды қызметтер атқарды. 2012-2013 жылдары Ақмола облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы болды. 2013-2014 жылдары – Зеренді ауданының әкімі. Ал, 2014 жылдан жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Целиноград ауданының әкімі болып қызмет атқарды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар