Аяулы қыз-келіншектер, ардақты аналар!

Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Көктемнің басы өмірлеріңізде көркемдік бастауының белгісі болып, күндеріңіз қуаныш пен бақытқа толсын. Әрдайым жүздеріңізден күлкі кетпей, бізге жылылық сыйлаңыздар.
Сіздер әрқашан ер адамдардың үміті мен тірегі болып келесіздер. Отбасының ұйытқысы бола жүріп, түрлі салаларда еңбек етуге, қоғамдық жұмыстарға да уақыт табасыздар. Бүгінде нәзік жандылар қызмет етпейтін сала жоқ деуге болады. Барлық кәсіби биіктерді бағындыру сіздердің қолдарыңыздан келеді. Оны өмірде нақты істеріңізбен көрсетіп жүрсіздер. Біздер, ер азаматтар кез-келген салада табысқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін күш-жігерлеріңізге, іскерліктеріңізге, еңбекқорлықтарыңызға және жауапкершіліктеріңізге сүйсінеміз.
Қай жаста да адамға ата-ана қымбат, біз олардың алдында әрқашан борыштымыз. Аналарымызға деген сезіміміз ерекше, олардың өзімізге деген сүйіспеншілігі, қателіктерімізге түсіністікпен қарайтын кешірімділігі үшін алғысымыз шексіз.
Қымбатты ханымдар! Сіздерге шын жүректен тек жақсы көңіл-күй, түсіністік, махаббат, отбасылық бақ-береке, мықты денсаулық, бақыт, сұлулық тілеймін!
Барлық үміттер мен армандар орындалсын, күн сайын жақындардың қамқорлығы мен ықыласы қуантып, өмір жаңа әсерлерге, жарқын жаңалықтарға және жағымды эмоцияларға толы болсын! Бұл мерекенің сыйлайтын жағымды әсері жыл бойы бойыңызда сақталып, болашаққа құлшындырсын!

Әлібек БАЙМАҒАМБЕТОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар